Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
Қап жоғалтпақ, арқан жоғалтпақ

Ертеде бір аңқау базарға барып, апарған арқандарын, қаптарын ұрлатып жұрдай болып қайтыпты. «Жалғыз жоғалтқанмен десем әйелім ұрсып жүрер, жұрттың көбі-ақ қабы мен арқандарын жоғалтты дейін» деп ойлапты. Үйіне келген соң әйелі:

— Базар қалай болды? — депті.

— Базары құрысын: қаптап жүрген қап пен арқан жоғалтқандар, — деп күмілжіпті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама