Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұқсауын ұқсайды...

Бір бай құрбандыққа қой шалыпты. Онысы өте семіз шығыпты. Құрбан иесі қуанып кетіп:

— Аппақ май, семіздігі нақ шошқадай екен! — дейді, сонда қасында отырған батагөй молда:

— Бұл қой енді арам болды. Құрбандыққа жарамайды, — дейді.

Бай амалсыздан екінші қой әкеліп сояды. Ол қой да семіз шығады. Құрбан иесі:

— Молда-еке, кесерге қарасы жоқ. Әлгі бәлеге ұқсауын ұқсайды, тек атауға болмайды, — депті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама