Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Петропавлда ата-аналар оқулықтың жетіспейтініне наразылық білдіруде

Петропавлдық әлеуметтік желі қолданушылары алғашқы оқу күнінде балаларының сатып алатын оқулықтар тізімін әкелгенін жазып, наразылық білдіруде.  Кейбір қалалықтар бірінші сынып оқулықтарының 2700 теңгеден сатылып жатқанын жазуда.

Пайдаланушылардың айтуынша, мектепте география, ағылшын тілі, математика оқулықтары жетіспей жатыр. Егер мемлекет оқушыларды оқу құралдарымен қамтамасыз ете алмаса, неге жаз бойы айтып ескертпегенін ата-аналар түсіне алмай отыр. Енді балалар сабаққа еш дайындықсыз барып жүр.

Алайда, облыстық білім беру басқармасы барлық оқулықтардың алынғанын және мектептерде тегін таратылатынын, оған ақша бөліп, сатып алудың қажеті жоқтығын айтып бағуда.

 «Оқулықтар жеткілікті түрде сатып алынған. Жыл басында қайта сұрыптау мәселесі туындайды. Қазір мектептерде мүлікті түгендеу науқаны жүріп жатыр. Осыдан кейін, бір мектептегі артық кітаптар тапшылық орын алған екінші мектепке жіберіледі. Бірінші сынып оқулықтарына келер болсақ, олардың оқулықтары толық көлемде сатып алынған. 191 миллион теңгеге 241 мың дана кітапқа 76 келісімшарт жасалған», - деп пікір білдірді СҚО білім беру басқармасы материалды-техникалық қамтамасыз ету,құрылыс және жөндеу жұмыстары бөлімінің жетекшісі Рауза Елубаева.

Тамыз айында әкімдік отырысында СҚО білім беру басқармасының жетекшісі Шолпан Каринова солтүстікқазақстандық оқушыларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер алу үшін жергілікті бюджеттен 520 миллион теңге бөлінгенін хабарлаған еді. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама