Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қар астындағы ұялар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Атакент кенті, Владимир Комаров атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Таджибаева Салима Агиловна

Ана тілі 4 сынып
Біздер бүгін баламыз.
Өсіп алға барамыз.
2030 - жылдары
Бізде азамат боламыз.

1. Біз ана тілі оқулығының қай тарауын оқып жатырмыз?
2. “Арпалыс” мәтінінің авторы кім?
3. Сәкен Сейфуллиннің қандай өлеңдерін білесің?
4. Мұхтар Әуезов кім?
5. Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” деп отырғандары нелер?
6. Қайрат Рысқұлбеков кім?
7. Мұратхан Тәнекеев қандай мәтін жазды?
8. Нығмет Ғабдуллин ше? Комбат кім?
9. Ұлы отан соғысының батырлары кімдер?
10. Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?

Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын пысықтау.
Әңгіме неге “Арпалыс” деп аталған?
Әңгімеден жылдың қай мезгілі суреттелген? Оны неден аңғардың?
Қандай көлік қана жүретін болды?
Бақтыбай інісін неге ауылға жіберді?
Қайрат үйіне қалай жетті?
Балалардың ісін қалай бағалайсың?

Жаңа сабақ. "Қар астындағы ұялар"
Жұмбақ
Тал басында түндіксіз отау (ұя)

Оқулықпен жұмыс
1 “Ненің ізі?” ойыны
Аталған аңның суреттегі ізін шатаспай тап.
2. Әңгімені түсініп оқу.
А) Оқушылар тізбектеп оқиды.
Ә) Мұғалімнің мазмұндауы.

Қар астындағы ұялар

Аңшы әңгімелеп отыр қыс мезгілі еді.
Бір топ шілдер
Ғайып болған шілдер
Құр, кекілік
дөңгелек үп - үлкен
шым шытырық іздер
қоян, тышқан
Аңшының бақылауы

Суреттермен жұмыс.

Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдік
Төменге қарап жер көрдік
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдік.

Бір, екі, үш,
Қолға жинап – күш.
Біз бақытты баламыз,
Әдемі етіп жазамыз.

Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс.
Шіл – құс
Ғайып - жоқ болып кету
Кеуек - қоянның іні.

Топпен жұмыс
Шіл - үй кептерінен сәл үлкендеу сұр түсті құс.
Үсті басында қара, қоңыр қызғылт, ақшыл дақтар мен жолақтары көп. Құйрығы қысқа әрі дөңгелене біткен. Төбесінде қозғалып тұратын қауырсын айдары бар.
Аңшы – Ол мерген, өз еңбегімен күн көреді. Еңбексүйгіш. Өлі табиғатта болатын құбылыстарды көп біледі. Шыдамды, төзімді көпті көрген адам.

Жаңа тақырыпты пысықтау.
Әңгіменің авторы кім?
Аңшы кім, ол не істейді?
Қыста құстар қалай тіршілік етеді екен?
Қандай құстар жылы жаққа кетпей қалады?

Қорытындылау.
Тест тапсырмалары
1. «Қызыл шұнақ» өлеңінің авторы кім?
А) Мұхтар Әуезов
Ә) Зейнолла Шүкіров
Б) Сәкен Сейфуллин
В) Мұқан Иманжанов
2. Абайды әлемге танытқан кім?
А) Мұхтар Әуезов
Ә) Спандияр Көбеев
Б) Ахмет Байтұрсынұлы
В) Сәкен Сейфуллин
3. Мәтін құрастыру үшін қойылатын басты талапты ата.
А) Табиғаттың суреттелуі
Ә) Мәтіндегі оқиғалардың өзара байланысты болуы
Б) Кейіпкерлердің болуы
В) Тарихи оқиға суреттелуі

4. Исатай, Махамбет батырлар заманында билік құрған ханды ата.
А) Абылай
Ә) Кенесары
Б) Қасым
В) Жәнібек
5. Қабанбай, Бөгенбай есіміне байланысты ел басынан өткен кезеңді ата.
А) Желтоқсан оқиғасы
Ә) Ұлы Отан соғысы
Б) Жоңғар шапқыншылығы
В) Аштық жылдары
6. «Төрт ана» өлеңінің авторы кім?
А) Коммунар Табит
Ә) Мұхтар Шоқан
Б) Бейімбет Майлин
В) Шерхан Мұртаза

Біле жүрейік.
Құр мен шіл қар астын қорғаласа кешікпей - ақ боран болады.
Өрістен қайтқан қой езуіне шөп тістеп келсе, қыс аязды болады.
Қоянның бүйірі майлы болса, қыс аязды болады.
Жаз – құйынды болса, қыс қатал болады.

Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама