Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Есбол орта мектебінде
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мусаева Анар Өмірзаққызы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау.
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқулық 5 - сынып, қазақ тілі мен әдебиеті журналы,
Жалпы мақсаттар: Дауысты дыбыстар бойынша алған білімін тексеру, талдау жұмыстарын жүргізе отырып білімдерін бекіту;
Ресурстар: Слайд, кеспе қағаздар, тірек сызбалар
Әдіс – тәсілдер Сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар, семантикалық карта, талдау;
Оқыту нәтижесі: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.
Дауысты дыбыстарды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай түрлерін біледі;
Дерек көздер: Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин Сыныпты 2 топқа бөліп аламын.
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ

І Аталар ауылы «Білгенің өзіне жақсы»
1. Дауысты дыбыстар
2. Тілдің қатысына қарай түрлері
3. Жақтың қатысына қарай түрлері
4. Ерін мен езудің қатысына қарай түрлері

ІІ Әкелер ауылы «Сандар сыр шертеді»
Оқушыларға сандар таратылады, сол сандар бойынша сөйлейді. Мысалы: 12 - қазақ тілінде 12 ауысты дыбыстар бар.
12, 7, 1940, 1929, 25, 37, 42, 9

ІІІ Бала ауылы «Кім жүйрік?»ойыны.
Берілген жұмбақтарды шешеді. Жауабын дыбыстық талдау жасайды.

«УА!»- десіп отырар
Кейде үлкендер білсеңдер.
«УА!»- дан тағы сөз туар,
Кері оқып көрсеңдер.
«...!» болады ол сөзің
Екі әріптен тұрады -
Көріп жүрген күнде өзің
Балықшының құралы.
Жауабы: Ау
«...»- сүйікті тамағың,
Теріс оқып қарағын:
Кейде ұйқыда көретін
«...» боп шығар жаңағын
Жауабы: сүт - түс
Оңға қарай оқысаң,
ҚАМЫТ - әбзел бұйымың.
Солға қарай оқысаң,
“... “ – қысқы киімің.
Жауабы: тымақ

ІV. Немере ауылы «Семантикалық карта» берілген кестені толтырады.
Дауысты д\с ------- ашық ----- қысаң ----- жуан ------ жіңішке ------ еріндік ------ езулік
А
Ә
О
Ө
Ұ
Ү
Е
И
Э
У
Ы
І

V. Шөбере ауылы «Шығармашылық жұмыс»
Дауысты дыбыстан басталатын қазақтың ұлттық ойындары
Алтыбақан, аударыспақ, арқан тартыс, асық
Дауысты дыбыспен басталатын жаңылтпаш айтайық
Үш кіші ішік піштім
Бес кіші ішік піштім
Неше ішік кіші піштім?
Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылықтар бар сөздер табу;
Аю - қоян, сая, грамм, фильм т. б

VІ. Шөпшек ауылы «Ойлан, бірік, бөліс» Берілген сөздің құрамындағы дыбыстардан сөз құрау;
Алтыбақан – алты, бақан, қан, ата, ана, бал, тана, бақа, бақ, ала, ал, тал, ық, Абат, Абыл, Ақан, талақ, бала, қал, нақ, батыл, бата, бақыт. т. б

VІІ. Немене ауылы «Ой толғаныс»
«Жеті атамды айтамын...»
Оқушылар өздерінің жеті аталары туралы айтады, жеті ата туралы түсініктерін ортаға салады.

Тест жұмыс екі топқа 6 – 6-дан тесті беріледі.

Бағалау 1 мин
Сабаққа белсене қатысқан, ережелерді айтып, талдауға шыққан оқушыларды бағалаймын.
Рефлексия 1 мин
ИНСЕРТ
Кейінгі жұмыс 1мин
Ереже жаттау;

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама