Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 56 минут бұрын)
"Қарызым бар, үйленемін": Атыраудағы трагедияға қатысты құпия хаттар ашылды

Атыраудағы сот процесінде марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің көршісі Шерхан Еңсегенұлымен жазысқан хаттары жұртшылық назарына ұсынылды. Тергеу органдарының болжамына сәйкес, бұл хаттарды Наурыздың атынан оны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиев жазған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотта анықталғандай, Шерхан Еңсегенұлы мен Наурыз Мұқанғалиев жақын дос болған. Олар үнемі бір-біріне дауыстық хабарламалар арқылы хабарласып тұрған. Алайда, 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап Шерханға Наурыздың атынан мәтіндік хабарламалар келе бастаған. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл хабарламалардың барлығын Наурыз қайтыс болғаннан кейін Сұлтан Сәрсемалиев жазған.

Малға қарау туралы алғашқы өтініш

Сәрсемалиевтің алғашқы хабарламалары малға қатысты болған. Ол кешке малды аулаға кіргізіп қоюды өтініп, үйде ешкім жоқ екенін айтқан. Көршісі бұл өтінішті орындап, уақытын нақтылаған соң, кешке хабарламаның орындалғаны туралы оң жауап алған.

Қарыз және үйлену тойы

Келесі күні «Наурыз» атынан тағы бір өтініш түскен. Бұл жолы таңертең қой мен сиырды өріске жіберуді сұрап, ақысына ақша аударатынын айтқан. Алайда, көршісі ақшадан бас тартып, жағдайдың анық-қанығын сұраған. Оған Наурыздың ата-анасының қалада ем қабылдап жатқаны және қашан келетіні белгісіз екені туралы жауап берілген. Малға су беру қажеттілігі туралы сұраққа, ата-анасы келген соң өздері қарайтыны айтылып, судың қажеті жоқ екені хабарланған.

Кейіннен хат алмасу жалғасып, хабарлама жазған адам ата-анасының әлі оралмағанын айтып, көршісінен шаруашылыққа қарап тұруды сұраған. Сонымен қатар, жиі өтініш айтып жатқаны үшін ренжімеуін өтінген. Ол әкесінің бұрын мал қарауды басқа адамға тапсырғанын, бірақ сол адамның ішімдікке салынып кеткенін айтып, көршісінен көмек сұрауға мәжбүр болғанын жеткізген.

Күдікті малшы

Шерхан Еңсегенұлы бірнеше күн бойы малға қарап жүрген. Кейіннен Дархан Бақытов есімді малшы табылған. Сот барысында анықталғандай, Сәрсемалиев Наурыздың атынан екі жылдан кейін дәл осы адаммен байланысқа шыққан.

Көршінің күдігі

Бұл жағдайда бір сыр барын алғаш болып көрші Шерхан сезген. Мал сатыла бастағанда ол күдіктене бастап, «Бір нәрсеге ұрынып қалдың ба?», «Мәкен қайда?», «Сенде бір мәселе бар сияқты», «Айтсаң, көмектесемін ғой, біз көрші емеспіз бе?» деп нақтылап сұраған.

Бұған жауап ретінде Сәрсемалиев Наурыздың атынан адамдардың мазақ еткенін қаламайтынын, қаржылық қиындықтарға байланысты мәселелері бар екенін жазған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта шаруашылықпен өзі айналыса алмай жүргенін, қарызы көбейіп кеткенін, анасының уайымдап, қан қысымы көтеріліп төсек тартып қалғанын айтқан. Бұдан бөлек, үйленгелі жүргенін, сондықтан әкесінің мал сатуға рұқсат бергенін хабарлаған.

Жаңалықтар

Жарнама