
- 02 қаз. 2022 00:00
- 312
Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтарды бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ұстаздарын бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Ұстаз деген - қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз - жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын! Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз» деп келтіреді Президенттің сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.