Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемлекеттер
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ЖОББ
Тарих пәнінің мұғалімі: Касимова Асель Сериковна

Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және алғашқы мемлекеттер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сақтар туралы алғашқы мәліметтер, сақ тайпаларының қоныстануы, сақ қоғамы туралы жан - жақты түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою, сұрақ - жауап әдісі бойынша сабақтың тақырыбына сай білімін толықтыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру,, баяндау, жазбаша жұмыс (сызба толтыру, семантикалық карта, тарихи диктант, диаграмма )
Пәнаралық байланыс: дүние тарихы, қазақ әдебиеті, география
Сабақтың көрнекілігі: Жұлдыздар, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта(презентация ), стикерлер,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу және түгендеу.
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
«Жұлдызды сәт». Қола дәуірін қорытындылауға арналған сұрақтар. Дұрыс жауапқа жұлдыз беріліп отырады
1. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл (мыс)
2. Қола дәуірі қай аралықты қамтиды? (б. з. б 2 м. ж - 1 м. ж аралықты)
3. Қола табиғатта таза күйінде кездеседі ма? (мыс +қалайы)
4. Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан белгілі ғалым. (Сәтбаев)
5. Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны (Нарын, Қалба)
6. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең (қола)
7. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі (көзе құмыралар)
8. Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті (Андроново)
9. Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер. (Андроново)
10. Солтүстік және Батыс Қазақстандағы зерттелген Андрон мәдениетінің қоныстар саны (80 - нен аса)
11. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар (Петровка мен Боголюбов)
12. Қола дәуіріне тән 30 қоныс, 150 оба зерттелген аймақ (Орталық Қазақстан)
13. Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым(В. П. Алексеев)
14. Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең (Қола дәуірінде)
15. Жерленген Андроновтықтардың басы қаратылды (Батысқа, Оңтүстікке)
16. Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті (Беғазы - Дәндібай)
17. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл (1946)
18. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым (Ә. Х. Марғұлан)
19. Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары (абыздар)
20. Андроновтықтардың мойынға таққан тұмаршалары (жыртқыш аңдардың азу тістері)

ІІІ. Жаңа сабақ: Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттер
Сақтар – біздің бабамыз,
Ақыл – ойлы данамыз.
Тарихи дерек іздеп біз,
Көне дәуір тамырын
Терең іздеп табамыз, - деген өлең шумағымен ашайық.

Сабақтың жоспары:
1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер
2. Сақ тайпаларының қоныстануы
3. Сақ қоғамы
1. Сақтар – б. з. б. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым - қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар.
Тарихи деректер

Геродот «Тарих»
І Дарий «Бехустун»
Страбон

Гректер Азиялық скифтер
Парсылар Құдіретті еркектер
Ирандықтар Жүйрік атты турлар
2. Сақ тайпаларының қоныстануы (картаға назар аудару)

№ Сақ топтарының аты Мекендері
1. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында
2. Шошақ бөрік киетін сақтар ( тиграхауда) Сырдарияның орта ағысы, Тянь - Шаньда, Жетісуда
3. Хаома сусынын дайындайтын сақтар
( хаумаварга) Мургаб аңғарында өмір сүрді
3. Сақ қоғамы
Сақ қоғамы
Жауынгерлер Абыздар Малшылар мен егіншілер

(қызыл) (ақ) (сары мен көк)
деп аталатын үш топтан тұрды.
Оқушылар 3 топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Топқа бөлу үшін оқушыларға қызыл, ақ, сары түсті стикерлер таратылып, әр түс бойынша оқушылар топтастырылады. Топтарға мынадай атаулар қойылады:
І топ - «Парадарайя»
ІІ топ - «Тиграхауда»
ІІІ топ - «Хаомаварга»
Тапсырма: Постерге берілген тапсырмаларды орындайды
І топ
А тапсырмасы: Өзінің атауы бойынша орналасқан жерлерін картадан көрсетеді
Ә тапсырмасы: Сақ тайпаларының атауын тауып, кестеге түсіріңдер
Сақ тайпаларының атауы
Гректер
Парсылар
Ирандықтар
Б тапсырмасы: Тарихи диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында…………………………………және Жетісу жерінде өмір сүрген.
Тайпа көсемі ………….. атқарып, тайпалар мен рулардың арасындағы …………….. шешті, ……….. реттеп отырды.

ІІ топ
А тапсырмасы: Өзінің атауы бойынша орналасқан жерлерін картадан көрсетеді
Ә тапсырмасы: Семантикалық карта.
Дұрыс жауапқа «+» таңбасын қою керек

Сақтар Мургаб аңғарында Арал теңізінің маңында Сырдарияның орта ағысында
Сақ — парадарайа
Сақ — тиграхауда
Сақ — хаумаварга

Б тапсырмасы: Ойлан тап!
1. ГЕТАССАМ
2. ЙАРАДАПАРА
3. ТОДРОГЕ
4. РАДЗЫБА
5. НОБАРСТ
ІІІ топ
А тапсырмасы: Өзінің атауы бойынша орналасқан жерлерін картадан көрсетеді
Ә тапсырмасы Сақтар туралы айтылған мәліметтердің авторларын тауып, кестеге жазыңдар
Авторлар Деректер көзі
«Сақтар әлемдегі ең шыншыл, ең әділ халық»
«Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады»
«Сақтар - жақсы шабандоздар. Олар садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген»
«Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан жасалған. Олар егін екпейді, үй малдары мен балықтарды азық етеді Сүт ішеді»
Б тапсырмасы
Белес. Бұл бөлімде өткен материалдар бойынша сөздер беріледі. Берілген сөздердің қасына дұрыс жауабын қоюы тиіс.
1. Дайлар, аргиппейлер, исседондар, массагеттер -
2. Аңшылық, терімшілік, балық аулау -
3. Жайлау, күзеу, көктеу, қыстау -
4. Тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі -
5. Қазғыш таяқ, шоқпар, қашау, бифас -
1. Ежелгі кезең
2. Сақтар
3. Көшпелі мал шаруашылығы
4. Кәсіп
5. Еңбек құралдар
6. ІҮ. Бекіту кезеңі «Өмір ағашы» диаграммасын толтыру
Оқушылар сабақта алған мағлұматтарын жапырақтарға жазып «Өмір ағашын» көркейтеді

Ү. Қорытындылау.
Біз бүгін Қазақстанда мекендеген, қазақ халқының ата тегі болған сақ тайпасы туралы мағлұмат алдық. Қазақ халқы үшін желтоқсан айы айтулы даталарға толы. 17 желтоқсан демографиялық жаңару күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Алматыдағы жаңа алаңда тәуелсіздік монументі тұр. Сол монументте қанатты барсқа мінген “Алтын киімді” сақ жауынгерінің үлгісінде жасалған ескерткіш тұр. “Алтын адам” сақ мәдениетінің бірегей үлгісі. ол Есік қорғанынан 1969 - 1970 жылы табылған. Осы жауынгер сақ тайпалары қазақ халқының негізін қалаған.
ҮІ. Оқушыларды бағалау. Сабақ барысында жұлдызға ие болған балалар бағаланады
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және
алғашқы мемлекеттер. 90 беттегі шығармашылық тапсырманы орындау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама