Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
"Басни Крылова" тақырыбына өткізілген сабаққа  рефлексивті есеп
6 класта И. А. Крыловтың «Басни Крылова» тақырыбына сабақ өткіздім.
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты өздіктерінен оқып үйрену, тақырыпты ашу. Жұппен, топпен жұмыста өзара сыйластыққа, басқалар пікірін бағалауға үйрену.

Күтілетін нәтиже:
Мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын, мәнін түсінеді, ойларын айта алады, өзара пікір алмасады, сөздік қоры артады, өмірмен байланыстыра алады.
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер ететіні анық нәрсе. Сабақты ынтымақтастық ахуал орнатудан бастадым. Мақсаты: жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылар бір – біріне жылы лебіз сөздер және тілектер тілей отырып, серіктестік қарым – қатынас жасауға, оқушылардың көңіл күйін көтеру, ынтымақтастық орта құру (Шеңберге тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін айтады, сәттілік тілейді.)

Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөлінді. Оқушыларға психологиялық ахуал орнату мақсатында «Көбелек» бейнеролигін көрсеттім. Оқушылар осы сабаққа дейін Крыловтың екі шығармасымен «Стрекоза и муравей», «Квартет» танысқан болатын. Сондықтан бұл сабағым өткенді бекіту және таныс емес мәліметтерді толықтыруға құрылды.
Үш топқа «Теоретики»,«Историки», «Литературоведы» үш түрлі тапсырма берілді. «Теоретики» тобына мысалдың әдеби жанр ретінде алатын орны, «Историки» шығу тарихымен, «Литературоведы» орыс әдебиетіндегі мысалшыларымен таныстырып өтті. Топтар бірін – бірі, алдағы уақытта тағы да ынталануы үшін қол соғу әдісімен ауызша марапаттап отырды. Бұл топтық таныстырылымды бағалауға өзім критерий арқылы бағалауды ұсындым. [
Бағалау кезінде жобаның көркемдігін, ойдың дұрыс жеткізе білуін ескеру.

Өткенді қайталап, пысықтау, еске түсіру мақсатында «Угадай - ка», «Бюро находок» аялдамаларына тоқталып, жұптық жұмыстың нәтижесінде оқушылар жұпта өз ойын айтуға, және талқылауға, бір жұп екінші жұптарды тыңдауға, уақытты ұтымды пайдалануды үйренді. Бұл іс - әрекеттен кейін, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға біршама дағдыланып қалғандарын байқадым, яғни сыни тұрғыдан ойлау үдерістері тақырыпты толықтай ашып, оқушылардың жұмыс жасауына, дәлелдерді сыни тұрғыдан талдауы мен бағалауына әсер етіп өзіндік жинақталған қорытындылар айтып, біріккен шешімдерінің түйіндерін жеткізе білуге жағдай туғызды.

Сергіту сәтін өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білімін тексеру мақсатында өзім бейнеролик жасап, өткіздім. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады (МАН, 61 бет). Сабақта әр тапсырмадан кейін, балардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуда ескере отырып, «Бармақ», «Шапалақтау», «Бағдаршам» әдістері бойынша, өзін – өзі бағалауға «» ағашын алдым.

Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізгенде, оқушылар белсенді қатысуы керек және талпынғандар ғана білім ала алады деген, Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыста алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет. (МАН, 58бет)
Caбaқтың coңындa нe ұнaды, нe бiлдiм, нe қиын бoлды дeгeн cұpaқтapды бacшылыққа aлa oтыpып oқyшылapғa «Телеграмма дедушке Крылову» әдісімен peфлeксия жaздыpдым.

"Басни Крылова"рефлексивті есеп. Сисенова К.Т. Байғанин ауданы,

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама