Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №557 бұйрығына (базалық оқу жоспары) енген өзгерістер:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №557 бұйрығына (базалық оқу жоспары) енген өзгерістер:

1. “Денсаулық” білім саласы. Ерте жас, Бірінші, Екінші кіші топтар мен Ортаңғы топтарында «Денсаулық» білім саласы 1 сағатқа көбейген.( 3 сағат, бұрын 2 сағатты құраған)
2.«Катынас» (Коммуникация) білім саласында Ортаңғы, Ересек, Мектепалды дайындық топтарына (сынып) 0, 5 сағат «Драма» оқу қызметі ендірілген. Мектепке дайындық сыныптары сағаты 6, 5 сағатты құрайды. Ағылшын тілі пәні тек Ересек, Мектепалды дайындық топтарында (сыныптарында) ғана жүргізіледі.
3.«Таным» білім саласы бойынша: «Экология негіздері» атауы «Жаратылыстану» болып өзгерген. Қоршаған орта бұл саладан алынып тасталынған. Сенсорика оқу іс - әрекеті 1 кіші топта 0, 25 сағатқа қысқарып, 0, 5 сағатты құрайды. (бұрын 0, 75 сағат болатын). Мектепалды дайындық сыныптарында математика 0, 5 сағатқа көбейген. Бұрын 1, 5 сағат болса, жаңа оқу жоспарында 2 сағат берілген.

Оқу қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу.
Бағдарлама мазмұны: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - Стандарт) және мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдарын көздейді.
баланы тұлғалық және әлеуметтік, зияткерлік дамытуда тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануға;
- балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, оқыту міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге;
ДЕНСАУЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Денсаулық білім саласы
Бөлімдері: Дене шынықтыру,
Қауіпсіз мінез – құлық негіздері
Топтар бойынша апталық жүктеме:
Ерте жас тобы - 1 - 2 жас, дене шынықтыру – 3 сағат
Бірінші кіші топ – 2 - 3 жас: Дене шынықтыру - 3сағат.
2 кіші топ 3 - 4 жас: Дене шынықтыру - 3 сағат.
Ортаңғы топ 4 - 5 жас: Дене шынықтыру - 3сағат
Ересектер тобы, 5 - 6 жас: 3 сағат, одан
- Дене шынықтыруға - 2 сағат,
– Қауіпсіз мінез құлық негіздеріне - 1 сағат.
Мектепалды дайындық: - 3 сағат.
– Дене шынықтыруға - 2 сағат,
– Қауіпсіз мінез - құлық негіздеріне - 1 сағат

Денсаулық білім саласы тапсырмалары мазмұны:
(мектепалды дайындық)
1. Денсаулық және дене бітім:
1. Денсаулықты нығайту.
2. Қозғалыс
3. Ынтымақтастық және басқару
4. Ойындардағы шығармашылық қабілеттер

1. Денсаулықты нығайтуда: жалпы дамыту жаттығуларын заттармен және заттарсыз орындау, жүру, жүгіруді орындау.
2. Қозғала білу және сенімділік қасиеті: Негізгі қимылдар орындау, сапқа тұру түрлері. Шымдамдылыққа, мергендікке тәрбиелейтін жаттығлар ойындар спорт түрлері) велосипед айдау, мергендік ойындар)
3. Ынтымақтастық және басқару: көпшілік ойындарда ынтымақтастық, бірігіп ойнау.
4. Шығармашылық қабілеттер және ойлау.- қимыл - қозғалыс ойындарындағы белсенділік.(спорттық мерекелер, спорттық, қимылдыойындар кезіндегі белсенділік)

Тіл дамыту
Көркем әдебиет
Сауат ашу
Орыс тілі – 3 жастан
Шет тілі – 5 жастан

Бұл табиғат құбылыстары қай мезгілде болады?
Әрбір сурет туралы әңгімелеп бер. (мнемокесте)

ТАНЫМ БІЛІМ САЛАСЫ
Құрастыру
Сенсорлық тәрбие
Қарапайым математика ұғым беру
Жаратылыстану (экология негіздері)

Кьюизенер таяқшалары
Монтессори материалдар
Фребельдің дамыту материалдары
Дьенеш материалдарын қолдану баланың саусақ қимылдарын дамыта отырып ойын жетілдіреді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ
НӘТИЖЕЛІ ІС - ӘРЕКЕТ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ
ҚАБЫЛДАУ
СУРЕТ САЛУ
МҮСІНДЕУ
ЖАПСЫРУ (аппликация)
МУЗЫКА

4. «Шығармашылық» білім саласы бойынша:
Ерте жас, 1 және 2 кіші, ортаңғы топтарда «Музыка» 0, 5 сағатқа қысқарып, 1, 5 сағатты құрайды. Жапсыру “Аппликация” деп аталған,
1 және 2 кіші топтарда Мүсіндеу мен “Жапсыру 0, 25 сағаттан азайған. Екеуі бірігіп 0, 5 сағатты құрайды.

Әлеуметтік орта

Өзін - өзі тану
Қоршаған орта
Экология негіздері

5. «Әлеуметтік орта» білім саласы.
- “Көркем әдебиет” оқу іс - әрекеті алынып тасталған. Сонымен «Әлеуметтік орта» білім саласы ересектер тобында «Өзін - өзі тану» - 1 сағат, «Қоршаған орта» - 0, 25 «Экология негіздері» - 0, 25 сағаттарынан тұрады.
Жалпы саны: 1, 5 сағат.
Мектепке даярлық тобында (сыныбында) Қоршаған орта 0, 5 с, экология негіздері 0, 5 және “Өзін – өзі тану” - 1 сағат. Барлығы қосылғанда 2 сағатты құрайды.

ОҚО, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы
"Кәусар - Әли" бөбекжай балабақшасының әдіскері
Базарбекова Кундыз Жумахановна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама