Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
Қазақстанда полиция мен армияның қатысуымен ауқымды операция басталды

Қазақстанда есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы ауқымды операция басталды. «Қарасора-2026» деп аталатын бұл шараға полиция, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысуда.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Операцияның негізгі мақсаты – есірткі өсімдіктерінің заңсыз егілуін анықтап, жою, сондай-ақ оларды дайындау, тасымалдау және сатумен айналысатын қылмыстық топтардың әрекеттерін тоқтату. Синтетикалық есірткі өндірісін де жоюға баса назар аударылады.

«Қарасора-2026» операциясының міндеттері

Ішкі істер министрлігінде өткен операцияның ашылуында құқық қорғау органдарына есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру орындарын, есірткі сақталатын жерлерді анықтап, синтетикалық есірткі өндірісін тоқтату туралы нақты тапсырмалар берілді.

Операция барысында полиция қызметкерлері мен әскерлер ауыл шаруашылығы алқаптарын тексеріп, аумақтарды зерттейді. Заманауи цифрлық технологиялар мен әуе мониторингі қолданылады. Есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіргені, дайындағаны, сақтағаны, тасымалдағаны немесе сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны еске салынды.

Жаңалықтар

Жарнама