Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 05 мау. 2026 10:30
- 56
"84 млн қарызы бар": Жазира Байырбекова ұлының ауыр сынаққа тап болғанын айтты
Блогер Жазира Байырбекованың бауыры Ләззат Байырбекова отбасындағы күрделі жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, ұлы Тәуіржан үлкен қаржылық қиындыққа тап болған.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлының қарызы 84 миллионға жеткен
Ләззат Байырбекова ұлының қарызға батқанына көпшіліктің сенбегенін айтып, жағдайдың шын мәнінде өте ауыр екенін жеткізді. Оның сөзінше, Тәуіржанның қарызы пайызымен өсіп, 84 миллион теңгеге жеткен.
«Менің балам Тәуіржанның қарызға батып кеткеніне көбі сенбейді екен. Тіпті таныстарымыз да, жақындарымыз да сценарий, охват деп ойлайтын болып шықты. Бірақ ол шын мәнінде рас нәрсе. Пайызы өсіп, қарызы 84 млн-ға жетіп тұрғаны өкінішті», - деді анасы Ләззат.
Екі пәтерін сатты
Блогердің анасы ұлының жағдайын реттеу үшін екі бірдей пәтерін сатқанын мойындады. Сондай-ақ, ол баласының талапшыл болмауының салдарынан осындай жағдайға ұшырағанын да ашып айтты.