Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақстандықтар Наурыз айында бірнеше күн демалады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 5 наурызға жоспарланған демалыс күні 7-сіне ауыстырылады.  Бұл туралы премьер министрдің ресми сайтында хабарланды.

Қызметкерлер мен еңбек етушілердің күш-жігері мен жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Үкімет қаулысымен 2016 жыл наурыз айының 5-сі сенбі күні 7-ші наурыз дүйсенбі күніне ауыстырылады,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қазақстандықтар 8-ші наурыз Халықаралық әйел күнінде де демалады. Кәсіподақтардың өзара келісімі бойынша,7 наурыз күні тек мына ұйымдарға жұмыс күні болуы мүмкін. Бұлар: еңбек , материалдық және қаржылай ресурстармен қамтамасыз етілген қажетті тұтыну тауарларын шығаратын ұйымдар, сондай-ақ, құрылыс обьектілеріне қаржылық қызмет көрсететін мекемелер. Бұл күні жұмыс істегендерге ҚР еңбек заңына сәйкес ақы төленеді.

Сонымен қатар, 19-23 наурыз аралығын да демалыс қылу жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, 2016 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама