Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 34 минут бұрын)
Қазақстандық арнайы жасақшылар Дубайдағы жеңісімен құттықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірлігінде өткен халықаралық антитеррорлық жасақтар сайысының UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың хабарлауынша, «Kazakhstan C» командасы беделді турнирдің бас жүлдесін иеленсе, «Kazakhstan А» командасы жалпы есепте екінші орын алды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның арнайы жасақшыларының жоғары кәсіби, дене және жауынгерлік дайындығын, сондай-ақ жеңіске деген ерік-жігері мен патриоттық рухын жоғары бағалады.

Президент сайысқа қатысқан 48 елден келген 109 команданың ішінен үздік шыққан арнайы жасақшыларды лайықты марапаттайтынын айтты.

Жаңалықтар

Жарнама