
Centralasia.media
- 27 нау. 2025 15:41
- 99
Қазақстанның батысында тағы бір дрон құлады
Қазақстанның батысында тағы бір дрон құлады,-деп хабарлайды Infohub.kz.
Батыс Қазақстан облысында тағы бір беймәлім дрон табылды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады. Дегенмен, аппараттың суреті немесе видеосы жарияланған жоқ.
Бұл – ақпан айынан бері облыс аумағында құлаған төртінші ұшқышсыз ұшу аппараты. Әзірге олардың қай елге тиесілі екені белгісіз.