Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
Стокгольмдегі әйгілі Jumbo Stay қонақүйі жұмысын тоқтатты

Швеция астанасы маңындағы Арланда әуежайында орналасқан ерекше Jumbo Stay қонақ үйі 2025 жылдың 17 наурызында ресми түрде жабылды. Бұл туралы Infohub.kz Frequentflyers басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

16 жыл бойы қонақтарды қабылдап келген қонақ үйдің жабылуына қаржылық қиындықтар себеп болды. Жоба иесі банкротқа ұшыраған, ал Swedavia мемлекеттік компаниясы инвесторларға жерді жалға беруден бас тартқан. Осылайша, ұшақтан жасалған қонақ үйдің болашағына нүкте қойылды.

Boeing 747-200: ұшақтан қонақүйге дейін

Jumbo Stay – бұрынғы Boeing 747-200 ұшағынан жасалған ерекше қонақ үй. Бұл әуе кемесі алғаш рет 1976 жылы Singapore Airlines авиакомпаниясында пайдаланылған. Кейін 2002 жылы Швецияның Transjet әуе компаниясы банкротқа ұшыраған соң, ұшақ қолданыстан шығарылған.

2009 жылы ол толықтай қайта жөнделіп, әлемдегі ерекше қонақ үйлердің біріне айналған еді. Алайда 2025 жылы қонақ үйдің қызметі ресми түрде тоқтап, Boeing 747-200 ұшағы бөлшектелуі мүмкін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама