Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазынадан қарыз берген уәзір

Көңілі кең, қолы ашық бір уәзір болған екен. Кедейлерге, қиыншылыққа тап болғандарға қолынан келгенше көмектесіп, өзінде ақша қалмағанда мемлекет қазынасынан да қарызға ақша беріп жүретін. Қарыз алғандар қашан қайтарайық дегенінде «патшамыз өлгенде» деп жауап береді екен. Осындай жағдайларға куә болған біреу патшаға келіп: «Тақсыр, сіздің уәзіріңіз сізге өлім тілеп жүр. Мұқтаждарға қазынадан қарызға ақша беріп, қайтаратын уақытын сіздің өліміңізге байлап жүр. Сіз ертерек өлсеңіз, сонда қайтқан бүкіл ақшаларға өзі қарқ болып қалмақ» деп жеткізеді. Мұны естіген патша таң қалады. Ең жақын уәзірі, мейірбан досынан мұндайды күтпеген еді. Уәзірін дереу алдына шақыртып сұраққа алады. Уәзірі: «Патшам, айтылған нәрселер рас. Мен қазынадан қарыз беріп, қайтаратын уақытын сіздің өліміңізге байладым. Бірақ бұл сіздің өлуіңіз үшін емес, керісінше көп жасауыңызды қалағаным үшін еді. Жалпы қарызы бар әр адамға қарызды қайтару мерзімі әп сәтте келіп тұрады. Қарыз қайтаратын уақыт жақындаған сайын қынжылып, шара іздейді. Тіпті қайтаратын мерзімі ұзарса екен деп дұға етеді. Бұл дегеніміз сіз қайтыс болғанда қайтаруы тиісті адамдар, қайтаратын мерзімі келіп қалмасын деп сіздің ұзақ жасауыңыз үшін дұға етеді. Аллаһ дәргейіндегі ең қабыл болатын дұға қарыз астындағы адамдардың дұғасы. Менің негізгі мақсатым сіздің ұзақ өмір сүруіңіз, амандығыңыз еді.» деген екен.  


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама