Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қызылордалық оқушылар егін алқабын үнемді суару әдісін ойлап тапты

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Сәния Мұратова мен Жансая Өтепбергенова егін алқаптарына кететін суды үнемдеудің тың әдістерін ойлап тапты. Осы мақсатта арнайы құрылғы жасалды.

Өнертапқыштар қазір егіс алқаптарында тамшылатып суару технологиясы адамның қатысуымен жүзеге асатынын айтады. Осыған байланысты олар тамшылатып суару технологиясын толықтай автоматтандыруға болатынына назар аударды. Әзірге аталған жоба шағын макет ретіндегі құрылғыға айналдырылған. Сол арқылы тәжірибеден өткізілуде.

«Бұл жобада 3 түрлі датчик қарастырылды. Нәтижесінде ылғалдылықты анықтау, күн сәулесінің түсуін қадағалау және ауа температурасын есептеуге назар аударылады. Олардың жұмыс жасауы ескеріле отырып, арнайы құрылғы орнатылды. Аталған жоба сыртқы факторларды ескере отырып жасалған. Өсімдікке қолайлы жағдай туындаған кезде ғана конвейер іске қосылады», - деді Сәния Мұратова.

Жоба негізінде егіс алқаптарына кететін судың көлемін 30 процентке дейін үнемдеуге болады. Алдағы уақытта құрылғы үлкен көлемде құрастырылып, ол мектеп ауласында тәжірибеден өткізіледі.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама