- 14 қар. 2022 00:00
- 175
Ұлттық ғылым академиясын қайта құру жөніндегі мемлекеттік комиссия жасақталды
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 9 қарашадағы өкімімен Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.
Құжатта көрсетілгендей, аталған комиссияға Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жетекшілік етеді. Оның орынбасары болып Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бекітілсе, комиссия хатшысының қызметін Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки атқармақ.
Сонымен қатар мемлекеттік комиссия құрамына енгендер:
— Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева;
— Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков;
— Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин;
— Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов және ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарының академиктері мен ректорлары.
Еске салайық, Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған сессияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев академия мәртебесін көтеруді тапсырған болатын.
Мұнымен қоса, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның негізгі жұмыс бағыттарына тоқталып, Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі қайтарылатынын мәлімдеп еді.