Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Құран және ислам негіздері
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ
Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна

Тақырыбы: Құран және ислам негіздері
Мақсаты: Құран және ислам негіздері туралы жан - жақты талдап, меңгерту
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың танымдық белсенділігі артады, қорытынды жасай алады, ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс істеуге машықтанады, өз ойын қысылмай, еркін жеткізе алады, командада жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты ұйымдастырып, оқушылар зейінін тұрақтандыру.
Тренинг: «Аяулы алақан»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, әр қайсысы өзінің сол жағында тұрған оқушыға аяулы алақан арқылы, бір жақсы тілегін айтады. (Мен саған.... тілеймін!

Топқа бөлу
Топқа бөлу барысында үш түсті смайликтер пайдаланылады. Оқушылар таңдап алған смайлик түсі бойынша топ құрайды.
Сабақтың басы.
Білу
“Миға шабуыл” Ой қозғау.
“Құран және ислам” сөздерін айтқанда ойымызға не келеді?
Кітап. Дін.”Хафиз”. “Қари”. “Аят”. “Мәзхаб”. Ғалымдар. Тарих. Әдебиет. Әдет - ғұрып. Салт - сана. Шариғат. Тазалық. Шипагерлік. Әділдік. Суниттер. Шииттер. Имандылық. Адамгершілік.

Түсіну «Кім жылдам?» Джиксо ойын әдісі
- Исламды жақтаушылар неге көп? Дін азық бола ала ма?
- Қасиетті кітап?
- Ислам сөзі нені білдіреді?
- Ислам дінінің басты қасиеті не?
- Ислам дінінің басты мақсаты не?
- Араб елдерінде Құран кәрімді мемлекеттік заң ретінде қолдана ма?
- «Шахид» сөзі нені білдіреді?
- Этносаралық, конфессиялық келісім сөздерін қалай түсінесің?
- ШҚО - да қанша діни бірлестіктер бар?
- «Рухани келісім күні» қай күні атап өтіледі?
- Қазақстанның бас мүфтиі кім?
- Құранда неше сүре бар?
- Құранда неше аят бар?
- Құранда неше сөз бар?
- Құранда неше сөз бар?
- Елімізде халықтар достығы қалай жүзеге асады? (Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Кіші Ассамблеялар, Достық үйлері, ұлттық орталықтар арқылы)
- Тәуелсіздік жылдары қанша мешіт салынды?
- Мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі?

Ыстық орындық" сұрақтармен жұмыс жасау
Сөздікпен жұмыс:
Алла – Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы. Бәрі де бір Алланың құдіретімен болмақ. Бәрін өзіне лайықты сипатпен білуші.
Уаһи – хабар (Тек Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхаммедке аян беріп, құлағына сыбырлап айтуы нәтижесінде ғана түсірілді).
Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүріп, уағыздары мен соғыс жорықтарына қатысып, ислам дініне үлес қосқан серіктері.
Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адам.
Қарим – Құранды жаттап, оны жеті түрлі қырағатқа (әуенге) салып сезінетін адам.
Ғайып – көзбен көрмесек те жүрекпен, иманмен сезінетін әлем, яғни, ғайып әлемі. Бұл жерде періштелерге Алла тағала Адам атаны жаратпай тұрғанда, ол ғайып (беймәлім) болып саналатын еді.
Сапиолла – Адам атаның шын аты.
Уасуаса - азғыру. «Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» дейді халық мақалы.
Дұға оқып, бата жасау қазақ халқының ең бір маңызды дәстүрі болып табылады. Дұға өлілерге де, тірілерге де аса қажет. Дұға оқылып, бата жасалғанда ізгі тілекке көп болып атсалысады. Алла тағала да «көптің тілеуін берейін» деген.

Оқушыларға күнделікті өмірде қасиетті дұғалар қай уақытта оқылатыны айтылады.
Атап айтқанда:
1. Бейіт басына барғанда өлі аруақтарға;
2. Қасиетті жұма күні (шелпекке);
3. Адам қайтыс болғанда (жаназада);

Сабақтың соңы.
Жинақтау. Сабақта үйренгендерін бекітеді, білімдерін жүйелей алады.
Ш. Құдайбердіұлы: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып екі өмірде де (бұл дүние мен о дүниеде) жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз – осы мұсылман жолы».

«Білім торы»ойыны.
«Ислам діні – бейбітшіл дін». Ислам – бейбітшіл дін, ислам соғысты қаламайды, күш қолдануға қарсы, лаңкестікті айыптайды, адалдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке шақырады.
Әлемдік діндерге сену, сыйлау – халықтардың бірлігін нығайтады, халқымыздың ұйытқысы, отаншыл ой - санасының асыл арқауы, еліміздің келешегі.
Түйін сөздер: Құран – Ислам дінінің ең негізгі басты кітабы. Ол діннің ғана емес, араб әдебиетінің классикалық үлгісі. Дүние кілті - Құранда. Ішінде қазына жатыр. Кілтті ал да, ашып қара. Құр сәнге қойғаннан пайдасы жоқ. Пайдасы – ішіндегі қасиетті сөзінде.
Дінтану – дін ілімін насихаттау, тану арқылы нанымды уағыздау.

Қолдану
«Аквариумдағы алтын балық» ойыны:
1. Оқулық, БАҚ материалдары:

Ислам дінінің маңызы мен тәрбиелік мәнін әлемдік деңгейде ой толғаған ұлы тұлғалардың өздері де мойындаған.
Лев Толстой Құранмен терең танысып, Мұхаммедтің шын мәніндегі пайғамбар екенін түсінген, Ислам дінін мойындаған.
Құран Гете неміс тілінде, Пушкин орыс тілінде, Абай, Шәкәрім қазақ тілінде жырға қосқан.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қажылыққа барған Иман жайлы жазған қандай туындысы бар? («Иманым»)
Мұқағали Мақатаев

«Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!» (Фатиха сүресі)

Қорытынды.
Сабақтың маңыздылығы не?
- оқушылар не алады?
- бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
- өмірден алған тәжірибесінің әсері?
- сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар

Сабақты қорытындылау мақсатында «Сөзжұмбақ» шешеді:
1. Ислам дінінің қасиетті, негізгі бас кітабы.
2. Меккеде мешіт салдырған, Абайдың әкесі.
3. Әлемдік діндердің бірі.
4. Меккеде сыйынатын қасиетті тас.
5. Құран кітабының сүрелерінің бірі.
қ
ұ
р
и с л а м
н

“Адасқан әріптер”тапсырмасы
Н Қ А Р Ұ
М А С И Л
М А М И
У Н Д Т І А Н
Т Ш Е І М
З М А Н А
З Р П Ы А Е С Б

Слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама