Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 59 минут бұрын)
"Қыдыкеңнің бұлай ауырғанын көрмеппін": Қарақат Әбілдинаның концерті неге кейінге шегерілді?

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Астанада жоспарланған жеке шығармашылық концертінің күні ауыстырылғанын хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Концерттің кейінге шегерілу себебі

Әншінің айтуынша, 20 мамырға белгіленген концерттің дайындығы кезінде продюсері, жұбайы Қыдырәлі Болманов кенеттен қатты сырқаттанып қалған. "Бұрын Қыдыкеңнің мұндай халде ауырғанын көрмеп едім, қатты қорқып кеттім. Дәрігерлер жедел араласып, бүгін жағдайы тұрақталды. Алайда, мамандар Қыдырәліге кем дегенде 15 күн ем қабылдау керектігін және сахнаға шығуға болмайтынын айтты", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жаңа мерзім

Қарақат Әбілдина халықтың концертке деген ықыласы мен қолдауына алғыс білдіріп, жаңа мерзімді хабарлады. "Сәуірден басталған ән сапарымыз оңай болған жоқ. 12 000 шақырым жол жүріп, халықтың ыстық ықыласымен алға жылжып келеміз. Енді, бастаған істің нүктесін қоямыз дегенде, осындай жағдай болды. Сол себепті 20 мамырға жоспарланған концертімізді 18 маусымға ауыстыру туралы шұғыл шешім қабылдадық", - деді әнші.

Жаңалықтар

Жарнама