Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сан есім
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сан есімді өз бетінше жұмыс істеу арқылы меңгерту, білімдерін толықтыру.
2. Дамыта оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
3. оқушыларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, тест, ойын құстарды қорғау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, салыстыру, ізденушілік.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру. Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмбақ. Сын есімі бар жұмбақ жазып келу.
3. Жаңа сабақ
Сөз таптары

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім
Бүгінгі сабақта сан есіммен танысамыз.
Сан есім дегеніміз не?
Көркем жазу.

Досыңды бір алдасаң, өзіңді мың алдағаның.

1. Суретпен жұмыс
«Құстарды қорғау» ойынын ойнату. Сөздерден сөйлем құрап жаздыру.
1. Қараторғайға сыныптың үшінші оқушылары ұя жасады.
2. Қарлығаштың үйге біздің салғанына ұя жыл болды екі.
Үшінші және екі сан есімдерін екі оқушыға сатылай талдату.

Құстар туралы тыйым сөздер.
- Құстың ұясын бұзба.
– Құсты айыр ағашпен атпа.
– Құстың жұмыртқасын жарма.

3. Оқулықпен жұмыс. Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жаз.
Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт. Үлгі: төрт қап,.......................................
4. Ребус шешу. Ой толғау.
100 - ік, 100 - ім, 100 - дік

5. Кім тапқыр? (Тақтаға плакат ілінеді, көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қою)
Білекті...... жығар, білімді..... жығар....... сомың болғанша,..... досың болсын....... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. (дәптерге жазу)

6. Сөз ойла, тез ойла.
1 асым -------- су
1 жұтым ------ ет
1 ауыз --------- тұз
1 шымшым -- қамыр
1 жайым ------ өлең

7. Көру диктанты.
9*1 =
9*5=
9*6=
9*7=
9*8=
9*9=
9*2=
9*3 =
9*4 =
3*1

8. 3 - санына байланысты даналық сөздерді айтқызу.
Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл.
Үш жүз – ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.
Үш арсыз - ұйқы, тамақ, күлкі.
Үш тәтті – жан, мал, жар.
Үш мұрат – саудагер мұраты – ұту, жол мұраты - жету, дау мұраты – біту.

Сабақты қорыту.
9. Венн диаграммасы құру
Сын есім
Сан есім

Қорыту.
10. Тест
1. Заттың қимылын білдіретін сөзді не деп атайды?
А) зат есім
*Ә) етістік
Б) сын есім
В) сан есім
2. Етістіктің сұрауларын тап.
А) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
*Ә) Қайтты? Не істеді? Не қылды?
Б) Қандай? Қай?
3. Болымды етістікті тап.
А) Барма;
*Ә) Жүр;
Б) Келме.
4. Парта, гүл, тақта, күн қай сөз табына жатады?
*А) Зат есім
Ә) Етістік
Б) Сын есім
5. күрделі етістіктерді тап.
*А) ойнап отыр
Ә) барды
*Б) жүгіріп келеді.
6. Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі.
А) бастауыш
Ә) баяндауыш
Б) пысықтауыш
7. сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейді?
А) жұрнақ
*Б) жалғау
8. көптік жалғауы жалғанған сөзді тап.
*А) Балалар
Ә) гүлге
Б) аспан
Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды мадақтап бағалау.
Үйге тапсырма. Сан есімі бар жұмбақ жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама