Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сауысқан

Тыным таппай сүйреңдеп, көп сөйлей бергендіктен, сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ақыры, ас-су ішуден қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан ешбір амал таба алмапты. Сонан соң тырнаға жалыныпты.

– Тырна тілімді емдеп бере гөр! Сені қандай дерт болса да емдейді дейді ғой, шөптен дәрі жасайды екенсің.

– Саған шипа боларлықтай шөбім жоқ! Көмектесе алмаймын, – дейді тырна.

– Ә, солай ма! Міндетсінесің бе? – деп, сауысқан ашуға мінеді.

– Ендеше, маған өкпелеме, жаман атыңды бүкіл орманға жайып гулетейін, бәлем!

Осыны айтуға тілі зорға келеді де ем сұрап қабанға барады. Оған арыз айтады.

– Менің көмегім керек болған екен ғой саған, ә? Ендеше, келе ғой, әкел бері, сүйреңдеген тіліңді суырып алайын. Өзіңе де жақсы, біздің де құлағымыз тынышталады, – дейді қабан шабынып.

Сауысқанның үні өшіпті, сауысқанның тіліне түйнеме шығыпты деген сөз бүкіл орманға тарап кетіпті. Ақыр-аяғында сауысқан тіпті сөйлей алмай қалады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама