Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 54 минут бұрын)
Шымкентте ағаш бұтағының құлауы 10 жасар оқушының өмірін қиды

Шымкент қаласында ауыр оқиға болды. Көпқабатты үйдің ауласында ағаш бұтағының құлауы салдарынан 10 жасар бала қаза тапты. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзі хабарлады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға

Оқиға 11 ақпан күні Еңбекші ауданындағы Елшібек Батыр көшесі, №114 үйдегі аулада болған. Куәгерлердің айтуынша, қатты қар жауғандықтан ағаштың бір бөлігі үзіліп, сол жерде ойнап жүрген баланың үстіне құлаған.

Бала оқиға орнында көз жұмды

Алған жарақаттарынан бала сол жерде, жедел жәрдем келмей жатып қайтыс болды. Қаза тапқан бала №36 орта мектептің 4-сынып оқушысы болған. Ол анасымен бірге тұрған.

Ресми органдар бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді.

Жаңалықтар

Жарнама