Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 58 минут бұрын)
Си Цзиньпин Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты "принципиалды" ұстанымын мәлімдеді

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Украинадағы соғысты тоқтату жолдары туралы Қытайдың "принципиалды" ұстанымын мәлімдеді. Бұл туралы ол Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесуінде айтты.

Си Цзиньпиннің айтуынша, бейбіт келіссөздерге барлық тараптар тең дәрежеде қатысуы тиіс. Сондай-ақ, ол барлық тараптардың заңды алаңдаушылықтарын ескеріп, бейбітшілікке деген ерік-жігерді күшейту қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қытай басшысы халықаралық жағдайдың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең күрделі өзгерістерге ұшырап жатқанын айтты. Оның пікірінше, соғысты аяқтаудың кілті – диалог пен келіссөздерді жалғастыру.

Германия канцлері Фридрих Мерц болса, Си Цзиньпинді Ресейге ықпал етіп, Мәскеуді Украинадағы соғысты тоқтатуға көндіруге шақырды. Мерцтің айтуынша, Пекиннің сигналдары Мәскеуде үлкен маңызға ие.

Бұған дейін АҚШ-тың НАТО-дағы елшісі Мэтью Уитакер де Бейжіңнің Ресейге бір ғана қоңырау шалу арқылы соғысты аяқтауға ықпал ете алатынын мәлімдеген болатын.

Украина президенті Владимир Зеленский болса, Қытайдың әзірге Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтатуға қызығушылық танытпағанын айтқан еді.

Жаңалықтар

Жарнама