Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 49 минут бұрын)
Таразда анасы 5-қабаттан лақтырып жіберген қыздардың жағдайы ауыр

Тараз қаласында анасының бесінші қабаттың терезесінен екі кәмелетке толмаған баласын лақтырып жіберген оқиға жұртшылықты дүрліктірді. Бұл жантүршігерлік жағдайға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Зардап шеккен балалар Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Балалар омбудсмені ауруханаға барып, жағдаймен танысқан. Оның айтуынша, ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық болса, қыз баланың жағдайы ауырлау. Оның сүйектері сынған.

Анасының жағдайы

Динара Зәкиева анасының бұған дейін ауыр депрессиямен ауырғанын, алайда емдеу курсын толық аяқтамағанын айтты.

Жаңалықтар

Жарнама