Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 минут бұрын)
Астанада тұрғын үй кешенінде өрт шықты: Зардап шеккендер жоқ

Астанада кешкісін тұрғын үй кешені өртенді. Өрт Есіл ауданындағы Әлімхан Ермеков көшесіндегі 8 қабатты ғимараттың сыртқы қасбетін шарпып, екінші қабаттан төртінші қабатқа дейін тез тараған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілер келген кезде жалын ғимараттың сыртқы қабырғасын жапқан материалды жалмап үлгерген. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын пәтерлерге өтпей, жоғары қабаттарға таралуына жол берілмеді.

"Өртті ауыздықтау кезінде жалынның ғимарат ішіне енуіне және жоғары қабаттарға таралуына жол берілмеді. Өрттің ошағы ғимараттың сыртқы жағында орналасқан болатын", - деп хабарлады ведомство.

Бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үй кешенінде өрт шыққан болатын. Сол кезде 36 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылған еді.

Жаңалықтар

Жарнама