Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тәуелсіз Қазақстан

№103 жалпы орта мектебінің

2 «а» сынып оқушысы

Қосмаханов Нұрсұлтан

Сынып жетекшісі: Сихова Жұмакул

 

Тәуелсіз Қазақстан

Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғышына батырып,  көкейге талай сұрақтың келетіні рас. Мысалы, Біз кімбіз? Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?  Қай жерді мекен еттік? Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?

Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізгіміз. Біз қазақпыз!

Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991жылы ыдырады. Шығыстан алтын кун нұрын төгіп еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлты сеиіліп, әнші бұлбұл шаттықтың әнін шырқады.

Желтоқсан-біріншіден, оқиға емес. Оқиға деген сөз ойда-жоқта бола салатын дүние ғой. Ал мен ешқашан желтоқсанды ойда-жоқта бұзақылардың ба, не азын-аулақ ұлтшылдардың бір оқиғасы деп айта алмаймын. Ол іштегі қанның 62 тамырына сыймай, шын мәнінде бір елдік рухтың тасыған үлкен бір ғажап сезімі деп ұғамын. Сондықтан желтоқсан-көтеріліс. Еркіндікті аңсаған, бір азат сананың көтерілісі деп ұғамын.

Тәуелсіздікті де біз керемет бағалап жатқан жоқпыз.мереке сияқты өткіземіз. Жоқ бұл күндер бүкіл ой-сананы тетібірентетін, сілкінетін, шын мәнінде кез келген қазақ, ғана емес, қазақтан жағдайы әлдеқайда артық өзге ұлттарға ұқтыратын, шын мәнінде байқаудың түр-түрін өткізу қажет. Анау қолына енді қалам алып,қағазға үңіле бастаған балаларға Тәуелсіздік туралы шығарма жазғызудан сынып-сыныбымен, буын-буынымен байқаулар жүргізу керек.

Ел иесі, жер иесі қазақтың рухы басқаларға үлгі болу тиіс. Олардың өмірі, олардың көңілі, олардың қызметі басқа ұлттарға үлгі болуы тиіс. Біз бас ұлт болуға тиіспіз. Желтоқсандықтардың өз басшысын аңсағандағы арманы осы еді. Біз желтоқсандықтар арманының алдында қарыздармыз.

О, өмірге жаңа сәби келді. Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде. Тал бесіктен жер бесікке дейін өз қалауынша тіршілік етеді. Осы сәбидің күні ертеңгі тағдыры үшін боздақтарым жалын қиған. Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама Ағы мен қарасы, жақсы мен жаманы, жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алатындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.

 

Тәуелсіздігімізге мың тәубе деуді ұмытпайық,ағайын!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама