Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тоқтар - тұңғыш ғарышкер
Әдебиеттік оқу. 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тоқтар - тұңғыш ғарышкер.( Е Өтетілеуов)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өлеңнің мазмұнын түсіне отырып, Байқоңыр ғарыш аймағы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.
Тәрбиелігі: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Өз елін, жерін, мәдениетін сүюге баулу.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар, фишкалар
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық, ұжымдық

Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:.
Әрбір адам, туысым, досым жұрағат,
Әрбір сабақ, үйрену, ұғу ұлағат.
Әрбір ісің, тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзің, шындық, бірлік, адалдық.
Оқушыларды топқа бөлу:
1 - топ «Ай» 2 - топ «Күн» 3 - топ «Жер»
«Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу
1 - топ Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
2 - топ Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран)
3 - топ Құстан аумайды,
Көкте зулайды.( Ұшақ )
- Ендеше, балалар Ғарыш кемесіне мініп, ғарыштағы жұлдыздар тапсырмасын орындаймыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Мәтін мазмұнын жоспар бойынша айту.
1. Жусан мен бойтұмар
2. Бейбарысты сатып жіберуі.
3. Сұлтан Бейбарыс кім?
4. Мәтін неге « Жусан иісі» деп аталған?

Жаңа сабақ а) Кіріспе
-«Ай», «Күн» топтары өздеріне берілген аспан денелері туралы білетін білімдерін ортаға салады.
-«Жер» тобына сұрақ: - Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Қазақ ғарышкерлерінің есімдерін ата?
- Бүгін біз қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров туралы кенінен мағлұмат аламыз.
( Сызба арқылы әңгімелеу )
- Т. Әубәкіров 1946 ж маусымның 27 - де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - май ұжымшарында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. техника ғылымдарының доктары, профессор. 1965 - 69 ж. Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштар - ң жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер.
1991ж қазанның 2 - де зерттеулік ғарышпен Александр Волков және Австралия ғарышкері Франц Фибон Союз ТМ - 13 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті.
Апта бойы «Мир»орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 ж қазанның 10 - да
Жерге қайтып қонды. Ғарышта болған мерзімі 7 күн, 22 сағ 13 мин Қазақтың тұңғыш ғарышкері. Техника ғылым докторы, профессор. Кеңес одағының батыры. Сонымен Тоқтар ағаның ізін басқан яғни ғарышқа ұшқан ғарышкер Талғат Мұсабаев. Жыл сайын 12 сәуірде ғарышкерлер мейрамын барша Қазақстандықтар тойлайды.
- Бүгінгі сабағымызда Е. Өтелеуовтың «Тоқтар - тұңғыш ғарышкер» өлеңімен танысамыз
1. Әр топ өлеңді мәнерлеп оқиды, түсінігін талдайды
2. Түсініксіз сөздерге топта жауап ізделінеді.
3. Үлкен ұжымда талқыланады.
4. Сөздік жұмысы жүргізіледі

Сабақты бекіту:
1 - топ - Басқа планета туралы білетіндері туралы әңгімелеу.
2 - топ - «Құдіретті Жер - Ана» туралы әңгімелеу
3 - топ - «Ғарыш әлемі» туралы сурет салу
7. Бағалау. Мадақтау. фишкаларды есептеу
8. Үйге тапсырма беру: 1. Өздеріңе ұнаған өлең шумағын жаттау
2. Ғарышкер ағаларға арналған өлең шығару

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама