Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Туған елге соңғы сөз

"Кешегі өткен Ғабиден досқа: "Енді екі жыл жүрсек жетпей ме?! " дегенім бар еді. Сол мөлшерім мөлшер болды. Қойны суық қасиетті қара жер құшағына, міне, мен де кеткелі жатырмын.

Үмітпен, күреспен, сеніммен өткізген ұзақ ғұмырымды қорыта қарасам қуанышым да, ренішім де мол екен. Жаңа қазақ мемлекетінің биік туы менің көз алдымда көтерілді. Бүгінде күллі әлем назары ауған іргелі елге айналдық. Бірақ әдебиет пен өнер ұлы болмаған жағдайда ұлт ұлы боп есептелмейтінін ұмытпайықшы. Жан сүйсінтер бірлік жоқ жерде саналы тірлік те жоқ. Кейде мыстың алтынға, қыранның қарғаға телініп жататыны осының кесірі. Үлкен өнердің үлкен, таза мінезі болуға керек. Өзім іргетасын қаласқан қазақтың ата әдебиетінің атынан, өздерің қадір тұтқан алыптар тобының атынан өтінемін: мені соңғы сапарға шығарып саларда осы ақтық тілегімді еске алыңдаршы.

Қалам ұстауға халім болмағандықтан, хатты Әлжаппар мен Мұхтарға айтып жаздырдым.

Ал, қасиетті елім, жерім, қиыспас дос - жараң, ағайын-туыс, сәулелі жас ұрпақ, хош, хош болыңдар!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама