Photo: Juan Pablo Serrano (https://www.pexels.com/@juanpphotoandvideo) / Pexels
- 17 ақп. 2026 23:30
- 21
Турсынбек Қабатовтың екінші әйелімен түскен видеосы желіде тарады: «Тағы жүкті ме?»
Әлеуметтік желіде танымал қазақстандық әзілкеш Турсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айманмен бірге түскен видеосы тарап, жұртшылықтың қызу талқысына айналды. Видеода әзілкештің сауда орталығында әйелінің қолынан ұстап бара жатқаны көрінеді.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі пікірталас
Әйелдің сыртқы келбеті мен киім үлгісіне назар аударған желі қолданушылары бұл – Айман екенін болжады. Видео тез арада интернетке тарап, әртүрлі пікірлерге себеп болды. Кейбіреулер әзілкештің жеке өмірін талқылап, болжамдар жасаса, енді біреулері әйелдің сыртқы келбеті мен киіміне қатысты сын айтты.
Қабатовтың жеке өмірі
Желідегі пікірлердің арасында «Тағы да жүкті сияқты», «Бұл Молдірден артық па?» деген сияқты сөздер кездеседі. Сондай-ақ, Айманның қайда жүрсе де, қандай киім кисе де үнемі сынға ұшырайтынын айтқандар да болды.