Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 апта бұрын)
Түс жору: Түсіңде не көрсең не болатынын білесің бе? (2)

Түс жору: Түсіңде не көрсең не болатынын білесің бе? (1)

 

  1. Бір адам түсте өзінің ұйықтап жатқанын көрсе—онда өңінде табысқа жетеді.
  2. Бір жаққа барып, жолдан қайтсаң—ертесінде жолың болмайды.
  3. Біреудің құлағын көрсең—таңқаларлық қызық хабар естисің, оң құлағың түсіп қалса—қызың күйеуге шы- ғады, сол құлағың түсіп қалса—әйеліңмен ренжісесің.
  4. Біреу үйінің шығыс жақтағы қабырғасының құлаға- нын көрсе—өңінде шешесінің туысы қайтыс болады,

 

 

үйінің оңтүстік қабырғасы құласа—қызына бір қатер бар, үйінің батыс жақ қабырғасы құлағанын көрсе— әкесінің туысы қайтыс болар.

  1. Біреу түсінде қызыл киімді әйел немесе сары сиыр көрсе—бұл аурудың нышаны.
  2. Бір жағынан күн шығып, екінші жағынан жаңбыр жауса—ойлаған істері орындалады.
  3. Бір үлкен молда бата берсе—өңіңде ойлаған ісің оңға басады.
  4. Біреу өзін жылан қуып жүргенін көрсе—өңінде бір пайдаға жолығады.
  5. Бос сандық—кедейліктің, затқа толы сандық—бай- лықтың белгісі.
  6. Бір затты сандықтан алған кісі өңінде қамығады.
  7. Бір затты сандыққа салған кісінің көңілі қам-қайғы- дан арылар.
  8. Гауһар тасың болса—табыс.
  9. Гүл—қуаныш, кездесу.
  10. Ғашық болу—жаңа дос табу.
  11. Ғұсыл алу: түсінде жұма намазына бару үшін ғұсыл алу—күнәларына тәубе етуді, ата-анасы мен туған- туыстарына жәрдем беруді білдіреді. Ғұсыл алғаннан кейін жаңа киім кимегенін көрген  адамның  басы- нан бәлекет арылады. Ғұсылды толық алған адам— жұмысын толық бітіреді. Ғұсылды толық алмаған адам—жұмысын толық бітіре алмайды. Ғұсыл алу үшін хауызға немесе кішкене құдыққа түскенін көрген адам бойдақ болса, үйленеді. Түсінде ғұсыл немесе дәрет алғанын көрген адам—ұрланған нәрсесін тауып алады. Қыста мұздай сумен ғұсыл алу—қуаныштың белгісі. Танымайтын әйелдің ғұсыл алып жатқанын көру—жаңбыр жауатынын білдіреді. Түсінде өлікті жуу—оның қарыздарының өтелетінін; өліктің  өзін- өзі жуғанын көру—бала-шағасының молшылыққа ке- нелетінін, балалы болатынын білдіреді.
  12. Дажжал: түсінде дажжалдың шыққанын көру—дұш- панның шабуылын және жер бетінде қан төгіліп, бү- ліктің шығатынын білдіреді деп жорылады.

 

  1. Дақ: түсінде киімінде дақ бар екендігін көру—мұң- қайғының белгісі. Күн көзінде дақ бар екендігін көру— қорқыныш пен үрейдің белгісі.
  2. Даңғыл: түсінде үлкен даңғылда жүргенін көрсе— материалдық және рухани қиыншылықтардан қиын- дықсыз өтетінін және өмір жолында сенімділікпен жүретінін білдіреді. Даңғылда емін-еркін жүргенін көрсе—ешқандай қиындық болмайтынын, ал әрең жүріп келе жатқанын көрсе—кейбір қиыншылықтар кездесетінін білдіреді. Екі шетінде ағашы бар даң- ғылдың бойында жүрсе—ғалым немесе беделді адам- нан жәрдем алатынын білдіреді.  Даңғылдың  бойы- на ағаш отырғызғанын көрсе—адамдарға жәрдемін тигізетін перзенті болатынын білдіреді. Таза әрі рет- телген даңғыл—мемлекеттегі істердің жақсы болаты- нына жорылады. Даңғылдан шығу—қиыншылықтан құтылатынына, тірлігінің алға басатынының белгісі.
  3. Дар ағашы: түсінде өзінің дар ағашында тұрғанын көру—өз-өзіне көз салып жүргенін білдіреді. Дардағы жіпті мойнына салғанын көру—мол табыстың белгісі. Түсінде бір жерге құрылған дар ағашын көру— мұратына жете алмаудың; өзінің немесе басқа біреудің асылып тұрғанын көру—мұратына жетудің белгісі.
  4. Дастархан: түсінде дастархан көру—молшылықтың, қуаныштың, дұшпанын жеңетіндігін білдіреді. Түсін- де дастарханның үстінде отырғанын көрген адам— жақсы әрі жомарт адаммен әңгімелеседі. Дастарханда дәмді тағамдардың толып тұрғанын көру—достары- ның көптігін; аз тұрғанын көру—достарының аздығын білдіреді. Дастарханнан көп нәрсе жеу—түс иесінің өмірі ұзақ болатынын білдіреді.
  5. Дауыл: түсінде тұрып жатқан жерінде дауыл болға- нын көру—жұмысында яки үйінде келіспеушілік ту- ындайтынын; дауылдан зиян шеккенін көру—айтыс- тартыстың нәтижесі жамандықпен бітетінін; дауыл үйдің шатырын ұшырар болса—отбасы мүшелерінің біреуі о дүниелік болатынын білдіреді.

 

 

  1. Дауыс: түсінде дауысының гүрілдеп шыққанын көрген адамның халық арасында мәртебесі өседі. Баяу шық- қан дауыс—қорқыныштың белгісі. Жан-жануардың дауысын есту—қуаныштың белгісі. Аттың кісінеуі— жақсылықтың белгісі. Есектің аңырауы—ақымақтың көретін жамандығын білдіреді.
  2. Дәліз: түсінде дәліз көру—үлкен істерді және адал нәрселерді білдіреді. Кейде ауру адамның жүретінін және тұрмысының жақсаратынын білдіреді. Дәліздің жарық әрі әсем екенін көру—жақсылықтың, қараңғы тар екенін көру—жамандықтың белгісі.
  3. Дән жинап жүрсең—кіріс кіреді.
  4. Дән сеуіп жүрсең—байлыққа, мол жалақыға кезігесің.
  5. Дән—баланың белгісі. Сондай-ақ, ұрпақты да білді- реді.
  6. Дәнді шашып алсаң—ұрысқа кезігесің.
  7. Дәптер: жұмыссыз адамның дәптер көруі—жұмысқа орналасатынын білдіреді. Дәптер көру—табыс пен ры- зықты, кейде қиыншылықты және рызық іздеу үшін жолға шығуды білдіреді.
  8. Дәрет алу: түсінде дәрет алу, көбінесе, жаны жай тау- ып, рахаттануды білдіреді. Кейде түсте дәрет алу— құрметті, сыйлы адамдардың жанында жүріп, қажетті заттарына қол жеткізетінін білдіреді.
  9. Дәретті бұзатын нәрсе: кіші дәретке отырғанын көрген адамның қайғысы кетеді. Малы көп болса, малының зекетін береді. Егер дәретін бұзған нәрсе сұйық болса— малының бәрін қаржылайды.
  10. Дәретхана: түсте көрген дәретхана—мал-мүлік, қазына деп жорылады. Түсінде дәретхана сыпырып жүрге- нін көрген адам—кедей болады. Егер дәретхананың суының асып-тасып жатқанын, ондағы заттардың су- дың әсерінен қирағанын көрсе—көңілсіздік пен қиын- шылықты білдіреді. Дәретханаға су төгіп, тастарын жуу—ауырып жүрсе, ауруынан айығатынын білдіреді.
  11. Дәрігерге қан тапсырып жүрсеңіз—сақ болыңыз, сізді алдап, өз қарызын өтеуге асыққан жан бар.

 

 

  1. Дәрігер: түсінде дәрігер көру—ғалым адамның белгісі. Дәрігердің дәрі бергенін көрген адам—ауруынан айығады. Ғалым кісінің өзіне үгіт-насихат айтып жат- қанын көрген адам—күмәнді нәрселерден айығады. Кімде-кім түсінде дәрігердің бір адамды тірілткенін көрсе—сол дәрігердің шеберлігі халыққа жайылады. Науқас адам қасына дәрігер келгенін көрсе—жазы- лады. Дәрігер болғанын көрген адам—үлкен орынға орналасады.
  2. Дәрі-дәрмек: түсінде дәрі көру—діндегі беріктікті білдіреді. Сондықтан науқас адамның дәрі ішкенін көрген адам—дініне берік болады. Кімде-кім түсінде дәрі ішсе—білім үйренетінін білдіреді. Түсінде дәрі ішпесе—нәпсінің қалауында жүргенін білдіреді. Хош иісті нәрселерден істелген дәрі көру—бойдақтың үйленетінін, әйелдің балалы болатынын, кедей бол- са, бай болатынын білдіреді. Түсінде көзіне дәрі та- мызғанын көру—үйдегі жасырын істердің бар екенін; мұрнына дәрі тамызғанын көру—кейбір сырлардың шешілетінін, құлағына дәрі тамызғанын көру—өзінің өсек-аяңға ілігетінін білдіреді. Түсінде ауруына байла- нысты дәрі ішу—діндегі ықыласын білдіреді. Түсінде ауырып жүргенін және дәрігердің берген дәрісін ішу— өмірдің қысқалығын; дәрі ащы болса—өлімнің жа- қын екендігін білдіреді. Дәрі ішіп дереу жазылғанын көрсе—жалаға ұшырап ұсталатынын білдіреді.
  3. Дәрісхана: түсінде бір  дәрісханада  жүргеніңізді  кө-

ру—екі дүниеде де бақытты болатыныңызды білді- реді. Дәрісханада сабаққа дайындалып жатқанын көрген адам—қуанышқа кенеледі. Қиыншылықтан құтылады.

  1. Дәріхана: түсінде дәріхананы көру—денсаулық деп жо- рылады. Дәріханаға кіріп, дәрі алғанын көрген адам— кінә тағылып қамауға алынады. Дәріхана көру жастар үшін—жақсылықты, кәрілер үшін—жамандықты біл- діреді. Дәріханадан іздеген дәріңізді таба алмағанын көру—ауруының жалғасатынын; дәрі сатушының жоқ екенін көру—аурудың үдейе түсетінін; дәріхана-

 

 

ның жабық тұрғанын көру—науқас адамның өлетінін білдіреді.

  1. Дәу адам: түсінде ертегілердегі айтылатын дәуді көру—дұшпандарды білдіреді. Дәуді ұрып өлтіру не- месе дәудің тамақ сұрағанын көру—қарсыластарының оған қабақ шытып жүргенін білдіреді. Сондықтан осы жайттарға сақ болу керек.
  2. Дәуіт (ә.с.): түсінде Дәуіт пайғамбарды көрген адам— салтанат пен күшке ие болады. Қате іске басын ұрып, өкінгеннен кейін татулыққа жетеді. Түсте көрген адам жауыз адам болса немесе Әзірет Дәуіттің қорқытып, зәре-құтын алғанын көретін болса, Алладан қорқып шыншыл адам болуға ұмтылсын. Кейбір ғұламалар Дәуіт пайғамбарды көру әйелі тарапынан жамандық келетінін білдіреді.
  3. Дем салынған суды ішу немесе біреуге ішкізу—суды ішкен адамның өмірі ұзақ болады.
  4. Дем салу: түсінде біреудің Құранның аятын оқып, ауруға дем салып жатқанын көрсе—ауруынан жа- зылады, қайғысы мен мұңы  кетеді  деп  жорылады. Ал Сүннет пен Құраннан басқа нәрсе арқылы дем са- лып жатқанын көру—өтірік сөйлеу мен мақтанышты білдіреді. Өзінің басқа біреуге дем салғанын көрсе—сол адамнан жамандық көреді. Егер дем салған адамы әйел болса, әйел адамның кесіріне ұшырап, халықтың ал- дында жүзі жерге қарайды, ал еркек адам болса, сол дем салған адамнан сақтану керек деп жорылады.
  5. Дем салушы: түсінде дем салып отырған адамның сөзінде Ұлы Алланы есіне алған болса—жүректегі кек- ті кетіретін адамды білдіреді. Алланы еске алмаса—бос сөз сөйлейтін адамды білдіреді.
  6. Дене: түсінде айнадан денесін көру—денсаулықтың жақсы екенін білдіреді.
  7. Денеңде жара болса—жамандық.
  8. Дидар. Айналаңыздағылардың бақытты бет-жүзін көрсеңіз—жақсылықтың нышаны.
  9. Диірмен: түсінде диірмен көру—отбасы мүшелерінің қиыншылық пен таршылықтан құтылатынын және

 

 

кедейліктен байлыққа жетуді немесе бойдақ үшін үйленуді білдіреді. Диірмені жоқ үйден диірмен көру—ауыртпашылықты білдіреді. Егер диірменде нан, ет және бал үйіліп жатқанын көрсе—отбасы мүшелерінің қуанышын білдіреді. Диірменде бидай немесе арпа сияқты пайдалы нәрсе үйіліп жатқанын көру—істің оңайлайтынын, рызықтың молдығын және шипа табуды білдіреді. Түсінде диірменнің айналып жатқанын көрген адамға—диірмендегі ұнның мөлшеріндей мал-мүлік қолына түседі. Диір- меннің әрең айналып жатқанын көру—қымбатшы- лықты білдіреді. Кімде-кім диірменді қолымен айналдырғанын көрсе—тұрмысына жәрдем тиеді. Диірмен тасының бидайсыз бос айналғанын көру— жолаушы болуды, тастың немесе басқа өнімдердің үгітіліп жатқанын көру—дүниелік өмірінің әйтеуір өтіп жатқанын білдіреді. Су диірменді қолымен айналдырғанын көру—ешкімнің жәрдемінсіз  қалып, өз ісін өзі шешетінін білдіреді. Диірменнің  су  не- месе жануар, яки басқа бір нәрсенің күшімен айна- лып жатқанын көру—қайыр мен берекеттің келуін, рызықтың молшылығын, оңайшылықты білдіреді. Қол диірменмен ұн шығарып жатқанын көру—үлкен қайырға жетіп, өз қолымен тапқан табысын кедей- лерге таратады. Диірмен тасының ұрланғанын немесе сынып бөлшектенгенін көру—түс көрушінің немесе диірмен иесінің мол дүниелік болатынын білдіреді. Жел диірмені соғыс және өлім деп жорылады. Жел диірменнің желкендері боялған әрі әдемі болса—тұр- мысының ойдағыдай жүретінін, мақсатының орын- далатынын білдіреді. Қанаты жоқ жел диірменін көру—үйленудің белгісі. Диірменнің  бидайдың  орны- на адамдарды үгіткенін көру—бүлік пен ұрыс-керіс. Біраз адамның өлімін, желінбейтін нәрсені үгіткенін көру—рызықтың молдығын, арзандығын, науқастың шипасын табатынын білдіреді.

  1. Диірменші:  түсінде   диірменші   көру—сол   жердегі

бидайдай нәпсілік және дүниелік істерден тазаруды

 

 

қалайтын адамның белгісі. Түсінде жас диірменші көрген адамның рызығы дұшпанының жәрдемімен қолына түсіреді. Түсінде ұн тартатын адамды көру— шипаның, білім үйреніп, үйретудің белгісі. Егер қауіпті іс басына келсе, құтылады. Кімде-кім түсінде кәрі диірменші көрсе—дүниелік нәрсеге қатты көңіл бөліп кеткенін білдіреді. Өзіне жетерліктей дәрежеде табысы болады.

  1. Дойбы: дойбыдан ұтылғаныңызды көру—табыстың азаятынын; жеңгеніңізді көру—артатынын білдіреді. Түсінде дойбы ойнау—уақытын бос өткізіп жүргенін, қиялдауды, саудада зиян көруді меңзейді.
  2. Доңыз—дұшпандарымен айтысып, тартысады.
  3. Доп: түсінде доп көру—дұшпандық, әзіл-оспақ, дүние- мүліктің белгісі. Кейде жолаушы болудың немесе бір жерден басқа жерге көшудің белгісі. Доппен ойнау— дұшпандық пен әзіл-оспақтың белгісін білдіреді.
  4. Достық—сый-құрмет.
  5. Досың өлейін деп жатса—жақсылық келеді.
  6. Досыңмен кездесу—күтпеген жақсы жаңалық.
  7. Дөңгелек: түсінде дөңгелек көру—жұмысыңызда орынды жүретінін білдіреді.
  8. Дуал: кімде-кім дуалдың үстінде жүргенін немесе дуалға мініп алғанын көрсе—ол дуал оның жағдайын білдіреді. Дуал әлсіз болса—халінің нашар екендігі- нің белгісі. Дуалдың айналасындағы әшекейлер—ол адамның ұрпағын білдіреді. Үстіне дуал немесе басқа бір нәрсе түскенін көрген адам—көп күнә іс істейді. Бір дуалға жабысып тұрғанын көру—беделінен ай- рылатынын білдіреді. Дуалға қарап одан өзінің түрін көрген адам—өліп, есімі қабірінің басына жазылады. Қолына алтын білезік тағып, дуалдың үстінде отырға- нын көрсе—жоғары мәртебеге шығады. Кірпіштен үй салғанын көрген адам—игі іс істейді.
  9. Дуалау: түсінде сиқырлап жатқанын көру—наданның кесірі тиетінін және екі жүзді адамға жорылады. Түсте дуа көру—сәтсіз сапарға жорылады. Өзінің дуашы екенін және басқа адамдарды дуалап жатқанын көрсе—

 

адамдарға кесірі тиетініне жорылады. Сиқыр—діні- мізде жағымсыз қылық болғандықтан, жақсылыққа жорылмайды. Ибн-Кесир былай деді: «Сиқыр көру— жақсы емес. Түсінде дуалату үшін біреуге беру— істерінің кері кететінін білдіреді».

  1. Дулыға—әйелді, дүние-мүлікті, жолаушылықты, жұ- мыссыз жүрген кісінің жұмыс табатындығын білдіре- ді. Түсінде қымбат дулыға көру—бай әрі әдемі әйелді білдіреді.
  2. Дұға: түсінде дұға қылу—ояу кездегі құлшылық не- месе түс көрушінің намазын білдіреді. Түсінде дұға қылудан тартынғанын көрсе—үмітсіздікке түседі. Өйткені үмітсіздік—дұға қылмай қашқақтаудың бел- гісі. Қараңғы жерде дұға қылғанын көрген адам— қиыншылықтан құтылады. Түсінде дұға қылу—тура жолға түсіп, рызыққа кенелуді білдіреді.
  3. Дұшпаныңды сүйіп жүрсең—ымыраға келесің.
  4. Дүйсенбіде жұмысқа нық басып кетіп бара жатсаңыз— сәтті іс басталмақ.
  5. Егер автокөліктен қашып жүрсеңіз—сіздің жолыңыз- да көре алмаушылық бар екенін хабарлайды.
  6. Егер арық қатын көрінсе—аштық болар.
  7. Егер арық сиыр көрсе—аштық жыл болар.
  8. Егер аспанға шықса—көп жақсы болады, аспаннан жығылса—жаман.
  9. Егер астролог сізге жұлдыз жорамал айтып жатса— өміріңізде үлкен өзгеріс орын алып, ұзақ сапарға шы- ғасыз. Сондай-ақ жаңа таныстар пайда болады.
  10. Егер аузын бұзылған, яки байланмалы көрсе—ол ка- фірлік.
  11. Егер ащы жемісті ағаштан пайдаланса—ашулы кісіден мал тиер.
  12. Егер әдетінде сақал-мұртын, шашын алдыртып жүре- тін болса—ол кісіге ізгілік болар.
  13. Егер әйел телефонмен сөйлессе—сіздің күндесіңіздің пайда болғанын хабарлайды.
  14. Егер әшекей бұйымды жоғалтып алса—ауыр уақыт- тарды басынан өткереді.

 

 

  1. Егер балапан көрсең—пайдалы бір ісің туралы уайым- дап жүрсің.
  2. Егер балиғ болған ұл баланы табар көрсе—құрметті болмақ.
  3. Егер банкке ақша өткізіп жатсаңыз—жасап жатқан тірлігіңіздің пайдасы далаға кетпек.
  4. Егер банктен алтын алып жатса—үлкен кіріс кіреді.
  5. Егер барлық тістері түсіп қолына, етегіне жиылса— өмірі ұзақ болады.
  6. Егер бармақтарын қысқа, кем көрсе—намазы кем болар.
  7. Егер басын арыстан басы секілді, яки бөрі басы секілді көрсе—жақсы, көп пайда, ұлықтық табар.
  8. Егер басын ашық көрсе—ері қайтпас, егер ері болмаса, тіпті ер көрмес, құрғақ жүрер.
  9. Егер басында шаштарын кетірсе—күнәһларына кифа- рат болар.
  10. Егер бит көп, тәнінен шығып жатса—ол кісінің өмірі қысқа болар.
  11. Егер бойжеткен сабынмен жуынып жатса—бүкіл ғұмыры жетістікке толы болмақ.
  12. Егер бойжеткен түсінде тотықұс асырап алса—оның сүйген адамы оған мін тағады.
  13. Егер бұлбұл үнсіз болса—достар арасындағы біршама түсінбеушіліктен хабар бергені.
  14. Егер бір белгісіз түйеге мінер көрсе—сапар қылар.
  15. Егер бір жас әдемі қатын сыйласа—халал қатының бо- лар.
  16. Егер бір кісі өзін сәби көріп, мектепте Құран үйренер көрсе, я әдеп үйренер көрсе—күнәдан тәуба қылар. Егер бай, ғалым болса, оның халы надандыққа түсер, яки малы кетер.
  17. Егер бір кісі түсінде өзін сүт емер көрсе—тарлықтан құтылар.
  18. Егер бір кісіні қара жүзді көрсе—ол кісінің дінсіздігі.
  19. Егер бір кісінің үйінде сіңбіру көрсе—ол үйден қыз алар, егер қызы болмаса, сол үйдің қатынымен ойнас қылу хауфы бар.

 

 

  1. Егер бір қатын түс көрсе, бірақ ол қатын ол түске лайықсыз болса—күйеуінің пайдасына жорылар. Се- бебі қатын еркектің сол қабырғасынан жаратылды.
  2. Егер бір надан кісіні Құраннан қарап оқыр көрсе— хикматты, ғиззатты болмақ.
  3. Егер бір нәрсені алғанын көрсе—ниғматтар, олжалар табар, алған нәрселерінің мөлшерінде шадлық табар.
  4. Егер бір өкімет адамының есігінің жанында азан оқылса—ол кісіні куәлікке ұстар.
  5. Егер бір өнер иесі түс көрсе—өзінің өнерінің мөлшерін- де жорылар.
  6. Егер бір сауыттан су ішсе, шыныаяққа нан турап же- се—өмірі өткен болар.
  7. Егер ол Адамды өз суретінен сынық жүзді қайғылы көрсе—бір орыннан көшіп кетер, ниғматына кемшілік келер, қорлыққа түсер, мұнан кейін шадлық көрер, тәуба міндет болар.
  8. Егер бір тірі битті тұтып лақтырып тастаса—ұстаған жолына қарсы бір іс қылғаны.
  9. Егер біреу азан оқыса—адамдарды дінге үгіт етер һәм қажыға бару нәсіп болар.
  10. Егер біреу азан шақырып, тәкбир айтып, намаз оқыса— фарыз қажы қылар, һәм нәфіл қажы қылар.
  11. Егер біреу өзінің есегін ет жеу үшін сойса—кәсібінде шатасумен мал табар.
  12. Егер біреу түлкімен әуреленсе—ол кісіге ауырлық бо- лады.
  13. Егер бірнеше түйелер бір жерге кіргенін көрсе—ол жер- ге дұшман кірер, көп уақыт сынық көңіл болар.
  14. Егер Ғәбдүсәлам есімді кісіні көрсе—саламаттықпен жорылар.
  15. Егер Даниял әлайһиссәламды көрсе—түс жору ғылы- мында ғалым болар.
  16. Егер Дәуіт пайғамбарды көрсе—қуатты салтанат та- бар.
  17. Егер де біреудің үйінің төбесіне шығып азан шақырса— ол үйдің жамағаты өлер.

 

 

  1. Егер де кісіні түсінде келеге түсіп жараған бура қуалайтын болса—онда ол Құдай атына құрбандығын беруі керек. Өйткені оның түсінде көргені—Әзірейіл- дің өзі.
  2. Егер де қатын ерінің сіңбіргенін көрсе—бір ер бала та- бар.
  3. Егер де оған бір нәрсе берер көрсе, қанша алса—сол ша- мада ізгілік көрер.
  4. Егер де ол қатын жиіркенішті жаман көрінсе—не діні, не дүниесі болмас.
  5. Егер де өзін түсінде шашты көрсе—оған жақсылық бо- лар.
  6. Егер екі жұмыртқасын кесік көрсе—қызы балалардан кесіледі, яки қыздары өліп, марқұм болады.
  7. Егер екі кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл—жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса—онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.
  8. Егер еркек қарбызды жесе—уайымға батады.
  9. Егер еркектер мен қатындарға имамдық қылса—бір шаһарға ұлық болмақ, егер қази болуға лайықсыз болса—бір ізгі іске кездеспек.
  10. Егер ері шашын тартар көрсе—яки киімі ескі көрсе— ол қатын ол ерінің қысымында болғаны.
  11. Егер жағынан көтерілер көрсе, жақын қарындасынан айрылу.
  12. Егер жас әйел түсінде өгіз көрсе—тағдырын жақсар- татаны ұсыныс болады.
  13. Егер жексенбі туралы айтып жатқан болса—күрделі мәселелеріңізді шешуге өз жолдасыңыз көмектеседі.
  14. Егер жоғарғы тісі түсіп қолына алса—ол кісіге мал түсер. Ал егер алдына түссе—бір ер баланы Құдай бе- рер. Егер жерге түссе—өлім қайғысы болар.
  15. Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі кө- ретін болса—онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер

6-0185

 

 

қасқыр көретін болса—онда өңінде оның сапары сәтті болады.

  1. Егер жұлдыз көрсе—бұл һәм жақсы, мәртебелік болар балалары дер.
  2. Егер жұлдыздар сіздің өміріңіз туралы сыр шертсе— таңғажайып жетістік пен қуаныш болғалы тұрғанын білдіреді.
  3. Егер жұмыс өгізін көрсе, оны сойып, етін бөліп алар болса—басшы ұлығы өледі.
  4. Егер Зәкария пайғамбарды көрсе—қартайған кезінде бір жақсы, тақуа ұл бала көрер.
  5. Егер иттің басы, аттың басы, есек басы, осы секілді жануарлардың басын көрсе—біреуге кірісіп, еңбегінің бейнетін көрер.
  6. Егер кағба үстінде намаз оқып көрсе—дінсіздігі болар.
  7. Егер кағбатуллада азан оқыр көрсе—ол кісі ізгілікте болар.
  8. Егер керуенде азан оқылса—ол кісінің малы жоғалар.
  9. Егеркөбелектерсіздіайналаұшыпжүрсе—өтеалыстағы досыңыздан немесе танысыңыздан хат аласыз.
  10. Егер көршінің үйінің төбесінде азан айтар көрсе—ол көршінің қатынынан қауіплі болар.
  11. Егер күйеуі басқа біреуге ғашық болып қалса—бір- қалыпты жанұялық өмірден шаршағандықтан басқа жақтан қызық іздеп жүргенінің белгісі.
  12. Егер күйеуі шаршаңқы болса—жақын адамдардың бірі ауруға шалдыққан.
  13. Егер кісі қыста түсінде көк майса жер көрсе—Құдай- дың рахметін көргені. Егер кісі түсінде жазда қар көр- се—Құдайдың азабын көргені.
  14. Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса—онда бұл жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса—онда бұл жақсы емес.
  15. Егер кісі түсінде (азды-көпті) ешкі көрген болса—онда бұл жақсы емес.
  16. Егер кісі түсінде (азды-көпті) қой көрген болса—онда ол барша тілектеріне жетеді.

 

 

  1. Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса—онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
  2. Егер кісі түсінде Адам Ата пайғамбарды оның ашулы қалпында көрсе—онда ол өңінде әлденеге қапа болады.
  3. Егер кісі түсінде Адам Ата пайғамбарды оның жайда- ры қалпында көрсе—онда ол өңінде ұлық дәрежеге жетеді.
  4. Егер кісі түсінде азан айтып намаз оқыса, немесе Құран оқыса—онда өңінде оның дәрежесі өседі.
  5. Егер кісі түсінде ай көрсе—патшаның қатыны қыз та- бады, егер кісі түсінде күн көрсе—патшаның ісі рауан табады.
  6. Егер кісі түсінде ақ қоян көрсе—қыс қатты келер, егер кісі түсінде қара қоян көрсе—қыс жақсы келер.
  7. Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе—онда ол бұ дүниеде де, ол дүниеде де сый-құрметке бөленеді.
  8. Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе—онда ол өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.
  9. Егер кісі түсінде алма жесе—онда ол өңінде тілегіне жетеді.
  10. Егер кісі түсінде алтын көретін болса—онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
  11. Егер кісі түсінде анар жесе—онда ол өңінде байиды.
  12. Егер кісі түсінде ас ішсе—онда ол өңінде мол дәулетке ие болады.
  13. Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе—онда өңінде әкім болады.
  14. Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар шапса—болыс бола- ды.
  15. Егер кісі түсінде аюды көрсе—онда ол өңінде көлденең олжаға кезігеді.
  16. Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса—онда өңінде оның дәулеті артады.
  17. Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса—онда ол өңінде дұшпанын мұқатады.
  18. Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе—онда ол өңінде бақытқа бөленеді.

 

 

  1. Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе—онда өңінде оның дәулеті артады.
  2. Егер кісі түсінде басына құс қонса—һәм бір амалға тұрады.
  3. Егер кісі түсінде басына тәж кисе—онда ол өңінде байлыққа ие болады.
  4. Егер кісі түсінде бидай көрсе—онда ол өңінде байиды.
  5. Егер кісі түсінде биікке шығар болса—онда ол өңінде үлкен дәрежеге жетеді. Егер ол биіктен құлар болса— онда ол өңінде қапалы болады.
  6. Егер кісі түсінде биіктен құласа—онда ол өңінде та- бысқа кезігеді.
  7. Егер кісі түсінде боққа бататын болса—онда ол өңінде байлыққа кенеледі.
  8. Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе—онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.
  9. Егер кісі түсінде біреуді ұрса—дұшпанын мұқатады.
  10. Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе—онда өңінде оның ішіп-жем қоры мол болады.
  11. Егер кісі түсінде доңыз көрсе—онда ол өңінде дұш- пандарымен айтысып, тартысады.
  12. Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе—онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.
  13. Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе—мұратына же- тер.
  14. Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе—онда бұл өте жақсы.
  15. Егер кісі түсінде есекке теріс қарап мініп жүрсе—онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.
  16. Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе—онда оның мал-мүлкіне зиян келеді.
  17. Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе—онда ол өңінде табысқа кезігеді.
  18. Егер кісі түсінде жүзім жесе—онда өмірде оның бағы жанады.
  19. Егер кісі түсінде ит көрсе—онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

 

 

  1. Егер кісі түсінде кезқұйрықты көрсе—онда ол өңінде қадірсіз болады.
  2. Егер кісі түсінде көгершін көрсе—онда өңінде оның ісі оңғарылады.
  3. Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса—онда оның өңінде барша тілектері қабыл болып мұратына жетеді.
  4. Егер кісі түсінде көкекті көрсе—онда өңінде оның жоғы түгенделеді, табысы артады.
  5. Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе—онда ол өңінде қапа болады.
  6. Егер кісі түсінде күміс ақша санаса—бай болады.
  7. Егер кісі түсінде күрек тісі сынса—қатыны өледі, азуы сынса—баласы өледі, ең түбіндегі азуы сынса—өзіне шікәс жетеді.
  8. Егер кісі түсінде қазды көрсе—онда өңінде оның азық- түлік қоры көбейеді.
  9. Егер кісі түсінде қайыңды көрсе—онда ол өңінде та- бысты болады.
  10. Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе—онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.
  11. Егер кісі түсінде қарағайды көрсе—онда ол өңінде сүйіктісімен табысады.
  12. Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе—онда ол өңінде байлыққа ие болады.
  13. Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе—онда ол өңінде қуанышқа бөленеді.
  14. Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе—онда өңінде оның байлығы тасиды.
  15. Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәмзәм суын ішсе— онда ол өңінде барлық күнәсынан тазарады.
  16. Егер кісі түсінде қасқыр көрсе—онда ол өңінде дұшпа- нын көбейтеді.
  17. Егер кісі түсінде қауын және қарбыз жесе—онда өңінде оның досы байиды.
  18. Егер кісі түсінде қой көретін болса—онда ол өңінде бас- шы қызметке тұрады.
  19. Егер кісі түсінде қоңды жарамды атқа мініп жүрсе— онда оның байлығы артады.

 

  1. Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз,  бұқа) мініп жүрсе—онда оның билігі өңінде барлық халықа жүреді.
  2. Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе—онда ол мұратына жетеді.
  3. Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем, сиыр малына мініп жүрсе—онда бұл жақсылық емес.
  4. Егер кісі түсінде қоян көрсе—онда ол өңінде барлық тілектеріне жетеді.
  5. Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе—онда ол өңінде әкім болады.
  6. Егер кісі түсінде құмай құсты көрсе—онда ол өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.
  7. Егер кісі түсінде құрма жесе—онда ол өмірде ұзақ жа- сайды.
  8. Егер кісі түсінде құс ұстаса—қатын алады.
  9. Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе—онда ол өңінде бақытты болады.
  10. Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе—онда ол өңінде ел билеген бастық болады.
  11. Егер кісі түсінде қынаны көрсе—онда ол өңінде тілегіне жетеді.
  12. Егер кісі түсінде қыранды көрсе—онда ол өңінде дәре- жеге ие болады.
  13. Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе—онда өңінде оның барлық ісі ойдағыдай орындалады.
  14. Егер кісі түсінде қырғиды көрсе—онда ол өңінде бақыт- ты да дәулетті болады.
  15. Егер кісі түсінде мәст түйе құласа—садақа қылсын, шірәке хазірет Әзірейілді көріпті.
  16. Егер кісі түсінде Меккеге барса—онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
  17. Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мінәжат етсе—онда өңінде оның дәрежесі өседі.
  18. Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның ашулы қал- пында көрсе—онда ол өңінде үлкен бәлеге ұшырауы не- месе қаза болуы мүмкін.

 

 

  1. Егер кісі түсінде оң жақ азу тісінің түсіп қалғанын көрсе—онда өңінде оған анасы жағынан туыс болып келетін біреу қайтыс болады.
  2. Егер кісі түсінде отын көтерсе—көп дүниядар болар.
  3. Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе—онда ол өңінде патша болады.
  4. Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса—онда оның ісіне қарай, өңінде бірде жақсылық- қа, бірде жамандыққа кезігуі мүмкін.
  5. Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып, кө- ңіл көтеріп жүрсе—онда өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
  6. Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе—онда ол өңінде жақсы табысқа жетеді.
  7. Егер кісі түсінде өлген адамдардың қолынан бірдеңе алса—онда ол өңінде пайда, табыс табады.
  8. Егер кісі түсінде өлген адамды жақсы киіммен көрсе— жақсы болғаны, иман киіммен көрсе—иман болады.
  9. Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе—онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
  10. Егер кісі түсінде пәлен жерге шықса—мәртебесі бәланд болар, егер кісі түсінде бәлендерден жығылса—көп қапа болар.
  11. Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жол- барысқа, барысқа, не мүйізтұмсыққа мінсе—онда ол өңінде барлық жауларын тізе бүктіреді.
  12. Егер кісі түсінде піскен ет жесе—онда ол өңінде ішіп- жемінің көбейгенін көреді.
  13. Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе—онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет орнайды.
  14. Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе—онда ол, өз ісіне қарай, өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда бола- ды.
  15. Егер кісі түсінде сасықкөкекті (бәбісек) көрсе—онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
  16. Егер кісі түсінде семіз сиыр көрсе—арзаншылыққа тағаллұқ, егер кісі түсінде арық сиыр көрсе—қымбат- шылыққа тағаллұқ.

 

 

  1. Егер кісі түсінде сол жақ азу тісінің түсіп қалғанын көрсе—онда өңінде оған анасы жағынан туыс болып келетін біреу қайтыс болады.
  2. Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе—онда ол өңінде әкім болады.
  3. Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса—онда ол өңін- де ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса—онда ол өңінде қайғылы күйге душар бо- лады.
  4. Егер кісі түсінде тазқараны көрсе—онда ол өңінде дұш- пандарын тізе бүктіреді.
  5. Егер кісі түсінде тары көрсе—онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
  6. Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе—онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.
  7. Егер кісі түсінде тауық көрсе—онда ол өңінде досының ісіне сүйсінеді.
  8. Егер кісі түсінде тауысты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе—онда ол өңінде асқан сұ- луға үйленеді.
  9. Егер кісі түсінде тұнық суға түссе—жарықтыққа шы- ғар, егер кісі түсінде лай суға түссе—ғамға кіріптар бо- лар.
  10. Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе—онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
  11. Егер кісі түсінде түйеге мінсе—әулиелер қолдар.
  12. Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе—онда ол жақсы. Өйткені түйе—ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні, ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру—жақсы.
  13. Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе—онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
  14. Егер кісі түсінде түлкі көрсе—онда өңінде оның адал досының орнын алдампаз алаяқ басады.
  15. Егер кісі түсінде түлкі көрсе—сапар қылса, жолы бол- мас, егер кісі түсінде бөрі көрсе—сапар қылса, жолы болар.

 

 

  1. Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе—онда ол өңінде байи- ды.
  2. Егер кісі түсінде тыр-жалаңаш жүрсе—онда ол өңінде барлық қайғы-мұңынан арылады.
  3. Егер кісі түсінде ұшып жүрсе—онда ол өңінде пайда, табыс табады.
  4. Егер кісі түсінде үйрек көрсе—онда ол өңінде мұқтаж- дықтан құтылады.
  5. Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе—онда ол өңінде табыс табады.
  6. Егер кісі түсінде шақа санаса—дұшпаннан ғайбат сөз есітеді.
  7. Егер кісі түсінде шаш алдырса—кембағал болар, егер кісінің түсінде шашы өссе—бедәулет болар.
  8. Егер кісі түсінде шымшықты көрсе—онда оның өңінде ісі оңғарылады.
  9. Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе—онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
  10. Егер кісі шабдалы жеп жүрсе—онда ол екі дүниеде бір- дей шат-шадыман ғұмыр кешеді—түс өңге айналуы үшін, аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
  11. Егер кісіге түсінде өлген адам бір нәрсе берсе, ғайыптан қолына бір нәрсе келер.
  12. Егер кісілерге тұлымын көрсетіп жүрсе—ол рәсуалық.
  13. Егер кісіні түсінде ит қапса—залымға кіріптар болар.
  14. Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын болса—онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде азу тісі сынса—онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде, ең түпкі азу тісі сына- тын болса—онда оның өзі бір қатерге ұшырайды.
  15. Егер кісінің түсінде өлген адамдар бірдеңе сұраса—он- да ол өңінде шығынға ұшырайды.
  16. Егер кісінің түсінде салқын жел есіп тұрса—онда ол өңінде жақсы да жайлы тұрмыста болады.
  17. Егер кісінің түсіне ақ қоян енсе—онда қыс қатты бола- ды. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе—онда қыс жай- лы болады.

 

 

  1. Егер қара, ақ тышқандарды інге кіріп шығып жатқа- нын көрсе—өмірі ұзын болар.
  2. Егер қаршыға құс және кішкене құсты тұтып алса— дәулеті зияда, бәлки перзент көреді деп айтады.
  3. Егер қатын өз шашын жұлар көрсе—пердесі жырты- лып, ұятты болар.
  4. Егер қатын семіз болып көрінсе—жыл жақсы болар, тоқтық болар.
  5. Егер қатынның сіңбіргенін көрсе—ер бала табар.
  6. Егер қойды түсінде көрсе—қой бұқарадүр, бұқара ха- лық мұны жақсы көреді деп айтады.
  7. Егер қолымен мұрнын сіңбірсе—бір қыз баласы бола- ды, өмір жасы ұзақ болады.
  8. Егер қою көріп, бір тамшы екі тамар көрсе—ол кісіге пайда һәм зекетін өтеу керек.
  9. Егер Құранды жер көрсе—жаттаған сабағын ұмытпақ.
  10. Егер Құранды сатар көрсе—жамандардан сақтану ке- рек.
  11. Егер Құранды ұрласа, яки жасырар көрсе—ол кісі на- мазын ұрлар.
  12. Егер Құранды хатым қылар көрсе—Алла тағала қа- сында көп сауаптар табар, һәм нендей мұрадына же- тер.
  13. Егер Құраннан бір нәрсені біреуге берер көрсе—рахмат, сүйініш, қорқытқан хабар, уағыз секілді іс болмақ.
  14. Егер Құранның жолдарын күңгірт көрсе—Құран тура- сында бір бедғат сөз сөйлейтін болар.
  15. Егер құс басы секілді болар көрсе—шаһардан шығып саяхат қылар.
  16. Егер қыз бала көрсе—ақыры қорлық іс болар. Садақа берген дұрыс.
  17. Егер Қызыр пайғамбарды көрсе—кейін ғұлама болар.
  18. Егер маңдайы артар көрсе—дәулеті артар, әмірі жүрер.
  19. Егер маңдайы кемір көрсе—дәулеті кемір.
  20. Егер маржан, меруерт тағып алса—үйден берекет кет- пес деп айтады.

 

 

  1. Егер Мұса, Һарун пайғамбарларды көрсе—ол пенденің жанында бір бас тартушы, күш қылушы, залымдарды һалак қылар.
  2. Егер неке жүзігі жоғалып немесе сынып қалса—үлкен қасірет, жақын адамдардың бірі дүниеден өтеді.
  3. Егер ол адамды көркем жүзбен көрсе—көркемдік та- бар. Қайғыда болса, құтылады.
  4. Егер ол балықтың қарнынан інжу шығар көрсе—бір ер- кек бала табар.
  5. Егер ол битті жаңа киімде көрсе—оның малы көп бо- лар, мәртебесі артар.
  6. Егер ол қатын шашы күзелген көрсе—ері талақ қылады.
  7. Егер ол Құранды жіпке тізіп жазар көрсе—Құранды ақылымен тәфсир еткені болар.
  8. Егер ол мұсылмандық ғаламатынан басқа іс істесе— харам дүние болар.
  9. Егер ол мысықтың бір нәрсесін табар көрсе—бір нәр- сенің төлеуіне яки ұрымен әуре болар.
  10. Егер ол пілді соғыс жерінде мініп жүрсе—піл иесіне көңіл сынығы болар.
  11. Егер ол сәби еркек бала болса—ізгілік ғамалы артар хайырлы түс.
  12. Егер өз аяғыңызды күтімге алып отырсаңыз—ол сіздің ғылыммен айналысатыңызды және бұдан соншалықты пайда түспейтінін сездіреді. Егер аяқ орнында ағаш аяқ тұрса—достарға ашық-жарқын еместігіңіз.
  13. Егер өзін жарты құлақ көрсе—қатыны өліп, екінші қатын алар.
  14. Егер өзін мәжусидің шоқынатын жерінде көрсе—оның ақылы мәжуси жолында болған болар.
  15. Егер өзін мұрынсыз көрсе—рахимы болмай, баласы болмас.
  16. Егер өзін мінберде болып, ізгі сөз сөйлер көрсе—ол ша- малы шарафатта кісі болар, сонымен атағы шығар.
  17. Егер өзін соқыр көрсе—ислам дінінен азғаны болар.
  18. Егер өзін сыңар көзді көрсе—дінінің жартысы кетер, яки бір үлкен күнәға кездесер.

 

 

  1. Егер өзінде көп құлақтар көрсе—ол кісі хақысын қабыл етпеген болар.
  2. Егер өзінің қолын қыналаса—біреуді өлтіру хауфы бар.
  3. Егер сақалсыз, мұртсыз жігіт көрсе—ол кісіге сол ша- малы хайыр табар.
  4. Егер сақалы жерге жеткенше ұзын болса—иесі өлер, са- қалдың өте қара болуы—уайымсыздығы, жасыл болса

—зор бақыт, өте қалың болса—көп мал-дәулетті болар.

 

тус жору, тус жору акша корсе, тус жору алтын корсе, тус жору алфавит, тус жору балык, тус жору ит корсе, тус жору казакша, тус жору мысык, тус жору су корсе, тусинде акша корсен, тусинде алтын корсе, тусинде аягын ауыр болса, тусинде балык корсе, тусинде бит корсе, тусинде жылан корсе, тусинде жылкы корсе, тусинде ит корсе, тусинде кан корсе, тусинде мысык корсе, түс жору жігіт көрсе, түс жору жануарлар, түс жору жылан, түс жору кітабы қазақша, түс жору кітапшасы, түс жору киім көру, түс жору ұл бала көрсе, түс жору әйел адам көрсе, түсіңде алтын көрсең, түсіңде аяғың ауыр болса, түсіңде ақша көрсең, түсіңде балық көрсең, түсіңде жылан көрсең, түсіңде жылқы көрсең, түсіңде ит көрсең, түсіңде мысық көрсең, түсіңде тісің түссе, түсіңде тышқан көрсең

 

Жалғасы бар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама