Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Үш қазақстандық фристайл-могул финалдарына жолдама алды

Қазақстандық фристайл-могул спортшылары Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында финалға шықты. Бұл туралы Tengri Sport хабарлады.

Екінші іріктеу кезеңінде спортшылар өз нәтижелерін жақсартып, медальдар үшін таласқа түсу мүмкіндігін иеленді. Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева 15-ші, Анастасия Городко 16-шы, ал Олимпиада дебютанты Аяулым Әмренова 20-шы орынды иеленді.

Әйелдер арасындағы фристайл-могулдан финалдық жарыстар бүгін Астана уақытымен сағат 18:15-те басталады.

Жаңалықтар

Жарнама