Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тұз — иммунитетті әлсіретеді

Тұзды шамадан артық тұтынудың артериялық қысымды арттыратындығы, жүрек талмасы, инсульт секілді дерттерге әкелетіндігі бұрыннан белгілі. Бұдан бөлек тағы бір қатар зияндары барын жақында неміс ғалымдары жариялады. Германиялық Бонн клиникалық университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде тұзды шамадан артық тұтыну иммундық жүйені әлсірететінін мәлімдеді. Ғылыми зерттеудің жетекшісі Катаржина Джобин «тұзды азық диетасы пайдалы» деген тұжырымның қате екендігін айтты. Тұзы қалыпты нормада қоректенген тышқандарға қарағанда, тұзы шамадан артық берілген тышқандар тобы, бактериялық инфекцияларға көбірек шалдыққандығы байқалған. Содан кейін өз еркімен келіскен адамдарға жасалған зерттеу барысында, ғалымдар бір аптадан кейін-ақ олардың иммундық жасушалары бактериялық инфекциялармен күресуде осалдық таныта бастағанын анықтаған. Зерттеуге қатысқан адамдар күндік нормаларына 6 гр қосымша тұз қолданған болатын. Айта кететіні ДДСҰ-ының ұсынысы бойынша тұздың күндік нормасы 5 грамнан аспағаны абзал.

Оқуға кеңес береміз:

Ми қан айналымының жіті бұзылысы

Қан қысымының көтерілуіне жол бермейміз

Қан қысымының төмендеуі

Артериялық гипертензияның алдын алу

Жүрек тамырларының атеросклерозы

Денсаулықтың басты дұшпаны – тұз


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама