Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
Украина Брянскіге соққы жасап, маңызды микроэлектроника зауытын істен шығарды

Украинаның қорғаныс күштері сейсенбі күні кешке Ресейдің Брянск қаласына зымыранмен соққы жасады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

Зеленскийдің айтуынша, соққы нәтижесінде Ресейдің барлық зымырандарына арналған басқару жүйелерін шығаратын зауыт зақымдалған.

«Брянск зауытына соққы жасалды. Бұл зауыт Ресей Федерациясының барлық түрдегі зымырандарына арналған басқару жүйелерін өндірді. Біздің Қарулы Күштерімізді құттықтаймын, жарайсыздар. Қызметтеріңіз үшін рахмет», - деді Зеленский.

Желіде соққының салдарын көрсететін видеолар таралуда. Кадрларда үлкен түтін бағанасы көрінеді.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар

Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз зымыран шабуылының салдарынан Брянскіде алты адам қаза тауып, 37 адам жарақат алғанын хабарлады. Кейбір зардап шеккендер ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Зауыттың маңызы

Украина ҚК Бас штабының Telegram-дағы хабарлауынша, Storm Shadow қанатты зымырандары Брянск микроэлектроника зауыты "Кремний Эл"-ге соққы жасаған. Украина ҚК Бас штабы "Кремний Эл" Ресейдің "жоғары дәлдікті" қару-жарақтарын өндіру тізбегіндегі маңызды буын екенін атап өтті. Зауыт дискретті жартылай өткізгіш техникалар мен интегралдық микросхемаларға маманданған, олар заманауи қару-жарақтардың, атап айтқанда "Искандер" зымырандарының "миы" мен "жүйке жүйесі" болып табылады.

Жаңалықтар

Жарнама