depositphotos.com
- 10 ақп. 2026 13:00
- 20
Ұлттық банк басшысы 2026 жылға арналған инфляция болжамын жариялады
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы инфляцияның 9-12 пайыз аралығында болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұрағына жауап бергенде айтты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Инфляцияның болжамды дәлізі
Сүлейменовтің айтуынша, жаһандық белгісіздік пен ішкі экономикалық процестерді ескере отырып, биылғы инфляция 9-12 пайыз аралығында болады деп болжануда.
«Инфляцияға қатысты биылғы жылға бізде жалпы 9-12 пайыз дәлізі болжануда. Бұл жаһандық белгісіздік пен ішкі процестерге байланысты. Ұлттық банк ретіндегі басты міндетіміз – үкіметпен талқылағанымыздай, биыл инфляцияны 10 пайыздан төмен ұстау. Жыл соңындағы нәтиже бойынша 9 пайыз және одан төмен деңгейге шығу – біздің басты мақсатымыз», - деді Ұлттық банк басшысы.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаған болатын. Ол жылдық 18 пайыз деңгейінде, плюс-минус 1 пайыздық тармақ дәлізімен өзгеріссіз қалдырылды.