- 15 қаз. 2022 00:00
- 256
ХАТУ-дағы журналистиканың оқудағы ерекшелігі мен студенттік өмір
Халықараларалық Ақпараттық Технологиялар Университетіндегі журналистика мамандығы
Журналистика-қиындығы мен қызығы мол,жан-жақты білімділікті талап ететін сала. Ал бұл мамандықты қазіргі заманауи цифрлық форматта оқытатын университеттің бірі, менің білім ордам – ХАТУ. Факультеттің негізгі 4 бағыты бар. Олар:
1. Телерадио журналистика;
2. Цифрлық журналистика;
3. Бизнес журналистика, SMM, PR;
4. Халықаралық журналистика.
Қазіргі уақытта ХАТУ-да журналистика жыл сайын қарқынды жаңа методиканы қосу арқылы даму үстінде. Оқуды бастағанымызға 1 ай ғана уақыт өтседе, студенттер қазірдің өзінде түрлі материалдық жұмыстар мен мақала жазуды меңгерген. Бұл теория мен практикалық жұмыстарды оқып үйретудегі сапаның бар екендігінің дәлелі. Осы арқылы студенттерді тез әрі сапалы маман иесі болуға дайындайды. Лабораториялық кабинеттер мен аудио, видео секілді түрлі құрылғылармен қамтамасыз етілген оқу орны біздің жоғарғы деңгейде білім алуымызға мүмкіндіктер жасаған.
Бұл білім ошағында оқығаныма көп уақыт болмаса да, үйреніп білгенім баршылық. Осы кезге дейін мақала ақпараттарды қатемен жазғанымды, сөзді қалай дұрыс ұтымды жазуды білмегенімді, сонымен қатар ақпаратты бағалау мен саралауды үйрендім. Журналист үшін ең бастысы-сауаттылық екенін, Конвергенттік журналистика мен Пиар негіздері сабақтарынан білдім. Университетте журналистика мамандығы мен қатар IT саласын, БАҚ-тың редакцияларын жітік меңгере алатын мүмкіншіліктер көп. Менің басқа ЖОО-дарын емес, дәл осы ХАТУ-ды таңдаған себебім-білімнің сапасы, жұмыспен қамтамасыз етуі және студенттік өмір.
ХАТУ-дағы студенттік өмір
Жастық шақтың ыстығы мен суығы қатар жүретін студенттік кезеңді дәл осы оқу орнында өткізіліп жатқанына қуаныштымын. Иа, әрине басында бәрі таныс емес, университет жүйесін түсінбеу деген секілді кішкене қиындық болуы мүмкін, дегенмен оның бәрін осындағы өткізіліп жатқан іс-шаралар, іскерлік қызықты кездесулер мен түрлі жәрмеңкелер ұмыттырып жібереді. Студенттік шақта білім мен ғана шектеліп қалмау үшін, өзімізді дамытатын ұйымдар жетерлік. Осындағы білім алушы жоғарғы студенттерінің бізге деген қамқорлығы, түсінбейтін, білмейтін дүниелерімізді үйретіп, көмектерін аямайтындығын атап кету керек. Өздерінің бізге білімі мен тәжірбиелерін бөлісіп, университетке тез үйреніп кетуімізге, алдыға қарай талпыныспен жүруге тигізіп жатқан үлестері көп. Журналист мамандығын дәл осы мекемеде оқудағы ерекшелік бұл жерде БАҚ жақсы дамыған. Бізге бұл журналистиканы жаңа заманауи тұрғыда меңгеруге үлкен мүмкіндік. Осыны елеп университет тек ғана IT саланы емес, осы журналистиканы да оқытудағы өзіндік оң тұстарын көрсетуде.
Абдыкадыр Томирис
ХАТУ студенті