Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Илон Масктың Hyperloop жобасы туралы не білеміз?

Hyperloop-ты жасау идеясы 2029 жылға қарай Лос Анджелес пен Сан-Францисконы жалғайтын жылдамдығы жоғары темір жол салу жөніндегі үкіметтік жобаға жауап ретінде пайда болған. Жылдамдығы жоғары дегеніміз - 200 миллион асатын жылдамдық. Үкімет жобасы 68,4 млрд.долларға бағаланған болатын. 
 
Илон Маск Hyperloop туралы алғаш рет 2012 жылы Санта-Моникадағы PandoDaily іс-шарасында Сара Лэйсиге берген сұхбатында айтқан болатын. Кәсіпкер, жаңа көліктің ұшақтан екі есе және ең жылдам пойыздан 3-4 есе жылдам болып, Лос-Анджелестен Сан-Францискоға(561 шақырым) бар болғаны 30 минутта жетуге болады деп жариялаған еді. Одан кейін Маск аты шулы мәлімдеме жасап, жобаның California High-Speed  Rail атты үкіметтік жобадан 10 есе арзан болатынын; көліктің ешқандай апатқа түспейтінін; жолдың тек күн энергиясымен жұмыс істейтінін; қатынаушылар ұзақ уақыт күтпей метродағыдай қатынайтынын айтқан. Сөйтіп 2013 жылдың тамыз айында жобаның 58 парақтан тұратын "альфа-нұсқасы" жарияланды. 
 
Илон Маск өз идеясын пойыз, ұшақ, автокөлік және кемеден кейінгі бесінші көлік түрі ретінде ұсынды. Hyperloop тіреулердің үстінен өтетін жер үсті құбыр секілді ойластырылған. Ал оның ішінде жылдамдығы 480 мен 1220 шақырым/сағатпен қозғалатын капсулалар болады. Капсуланың ұзындығы шамамен 25-30 метр және қатынау аралығы 30 секунд. Hyperloop жобасы жүзеге асатын болса, адам және жүк тасымалы саласында үлкен төңкеріс болмақ. 

Атақты инженер, әрі кәсіпкер Илон Маск бүгінде баламасы жоқ көлікке айналуы мүмкін Hyperloop туралы өз идеясын жеткізгенде, идеяға күмәнмен қараған адамдар аз болмады. Калифорниядағы жер құны мен қысқа уақыт аралығында сағатына 700 миль жылдамдықпен қозғалудың адамға әсері секілді көптеген сұрақтар туындады. Осыған қарамастан жоба авторы мен оның командасы өз идеяларын жүзеге асыруға мейлінше күш салып келеді. Осыған байланысты тағы бір орынды сұрақ туындайды- егер Hyperloop шынымен іске қосылса, оның әуе индустриясына әсері қандай болмақ? Өйткені өз идеясын ұсынған кезде Илон Маск Hyperloop көлігі Маглев пойызынан да, әуе ұшақтарынан да жылдам қатынас құралы болмақ. 

Іс жүзінде Hyperloop-тың әуе лайнерлерімен бәсекелесуі оның бағасы мен жол жүру уақытына байланысты. Өз кезегінде баға көлікке жұмсалатын энергияға байланысты. Hyperloop-тың тесттік нұсқасы сәтті орындалғанымен, Илон Маск пен оның идеяластары ойлаған нәтиженің бәріне қол жеткізілмеді. Hyperloop-тың жұмыс істеу үшін қанша энергия қажет екені әлі белгісіз, дегенмен бұл өте маңызды мәселе. Әзірге белгілі болғаны - Hyperloop құбырларының үстінде Күн энергиясын жинайтын панельдер орнатылады.               
 
Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті 

Бақберген Нұрай       

Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама