Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Исатай мен Жәңгір хан

Ханым Жәңгірге: «Он екі биді ұстап неғыласың, жалғыз Исатайды ұста! Күндердің күні болғанда бас қорғар болар», — депті.

Хан Жәңгір Исатайды өзіне тарту мақсатымен дос болу ниетінде Исатайды ертіп, төрт биімен аң аулауға шығыпты. Исатай ханға оның қасына ерген төрт биіне қосылмастан, алдынан озады да отырады. Ханның төрт биі тұрып ханға: «Шыққанымызға біраз уақыт болды, Исатай неге бірге жүрмейді? Бізді менсінбей ме, әлде сізді менсінбей ме? Қоян қаққан қара тазыдай сылақтап алдымызда озады да отырады», — депті. Хан Исатайды шақырып алып:

— Сен кімді менсінбейсің, қоян қаққан қара тазыдай сылақтап алдымызда озасың да отырасың? — депті. Исатай тұрып:

— Аспаннан Құдай түссе де, жерден Шынай (жағымсыз образ болса керек) шықса да, алды-артымнан өңшең қаратөбет халық дәулетіне тойып алып, ырсылдап үріп тұрғанда, бірге жүре алмаймын, — деп сарт ұрып кейін бұрылып жөніне кетіпті.

Оқуға кеңес береміз:

Жылқының торысы көп пе, төбелі көп пе? (І нұсқа)

Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)

Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама