Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 минут бұрын)
1 мамы: Қазақстан халқының бірлігі күні – Астана мен Алматыдағы мерекелік шаралар

1 мамырда Қазақстанда Халық бірлігі күні аталып өтеді. Tengri Life бұл күні Астана мен Алматы қалаларында өтетін мерекелік іс-шараларға шолу жасады.

Бұл күн бұрын Еңбек күні болып тойланғанымен, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан кейін 1 мамыр Халық бірлігі күні болып өзгертілді. Ассамблея елдегі этностар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуды мақсат етеді.

2026 жылы 1 мамыр жұмаға сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін бұл 3 күн қатарынан демалыс болады (1, 2, 3 мамыр). Алты күндік жұмыс аптасы барлар 1 мамырда демалып, 2 мамырда жұмыс істеп, 3 мамырда қайта демалады.

Ең көп таралған ұлттар

Статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 124 этнос өкілі тұрады. Олардың ішінде қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар және басқа да аз санды ұлттар бар. 2026 жылдың басындағы деректер бойынша ең көп тараған ұлттар:

Астанадағы мерекелік шаралар

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 1 мамырда Достық үйінде «Қазақстан – бірлік мекені» фестивалі өтеді. Фестивальде ұлттық тағамдар, қолөнер көрмелері, шеберлік сыныптары және концерт ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, қаланың бірнеше танымал жерлерінде концерттер болады:

Қалалық алаңда сағат 12:00-де М. Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері қатысатын мерекелік концерт өтеді. «Жерұйық» саябағында ұлттық спорт түрлерінен жарыс, ал «Жағалау-3» ТК-да шахмат турнирі ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шаралар 2-3 мамыр күндері де жалғасады. Бұл күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері және сауда ойын-сауық орталықтарында концерттер өтеді.

Алматыдағы концерттер, жәрмеңкелер және ойын-сауықтар

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, 1 мамырда қалада екі үлкен концерт өтеді. Басты шара – сағат 11:00-де Абай алаңында басталатын «Бірлігі жарасқан Алматы» достық фестивалі.

Фестивальде Нұрлан Өнербаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева, Luina, Парвиз Назаров, Роман Ким, Руми мен Янис, «Алатау серілері», «КешYOU», «Baraban'Dashow», «Дервиши», «IL Canto», «Komuzbeats» топтары, «Бозторғай» фестивалінің солистері, «Салтанат», «Бахар», «Рухсара», «Нам Сон», «Бастау», «Наири» би ансамбльдері өнер көрсетеді.

Сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай алаңында DostykFest концерті жалғасады. Онда Айқын Төлепберген, Qanay, Еркеш Хасен, Ayree, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Асет Арыстанбек, Мәди Рымбаев, Бағдат Сейт, Hulan-Aru, Досекеш, Балауса Ерғалина, Жарқынай, Назым Әбілдина, «Alpha», «КешYOU», «Astra» және «Ayafunk» топтары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, 1 мамыр күні сағат 9:00-дан 22:00-ге дейін Абай алаңында гастрономиялық жәрмеңке өтеді. Оған 15-ке жуық мейрамхана мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

2 мамырда сол алаңда «Отбасы Fest» отбасылық фестивалі өтеді. Ол екі бөлімнен тұрады: 10:00-18:00 – жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі; 19:00-21:00 – отандық эстрада жұлдыздары қатысатын концерт.

Бұдан басқа, қалада келесі іс-шаралар өтеді:

1 мамырдағы мерекелік іс-шаралар Алматының барлық аудандарын қамтиды:

Жаңалықтар

Жарнама