Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
26+42, 68-42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту
Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: 26+42, 68 - 42 түріндегі өрнектерді жазбаша қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 26+42, 68 - 42 түріндегі қосу және азайтуды меңгерту.

Оқушыларды алгоритмге машықтандыру, екі амалмен бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтай түсу. Оларды салыстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімге деген құштарлықтарын ояту.
Көрнекілік: өлеңдер, слайд 1, 2
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі: Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ізеті
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Сәлеметсіздер ме ағайлар!

Психологиялық дайындық
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз

II. Үй тапсырмасын тексеру (дауыстап оқытып тексеру)
1 слайд бойынша орындау
Ширату:
Математика - қызық пән,
Бәріміз оны білеміз
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз
14+9=
56+7=
90 - 36=
55 - 9=
66+5=
28 - 6=
60 - 6=
48+7=
39+6=

2 слайд III Жаңа сабақ
Түсіндіру: Қосындының мәні қалай табылған?
ондықтар бірліктер
Шешуі: 26 +42 = 68

Айырманың мәні қалай табылған?
ондықтар бірліктер
Шешуі: 68 - 42 = 26
3 слайд
Ереже: 1. бірліктерді бірліктердің астына, ондықтарды ондықтардың астына жазамыз.
2. бірліктерді қосамыз (азайтамыз) нәтижелерін астына жазамыз.
3. ондықтарды қосамыз (азайтамыз)
4. жауабы...

IV. Оқулықпен жұмыс.
4 слайд
Балалар, бұл тапсырманы орындамас бұрын жолда жүру ережелеріне тоқталайық.
- Қоғамдық көлікке қай жерден отырамыз?
- Аялдамадан.
Дұрыс, ендеше аялдамадан автобусқа отырайық та келесі есепті шығарайық
№ 3. түсіндіре отырып, шығар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама