Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
3 - ті қосу және азайту тәсілдері
Алматы облысы Сарқан қаласы
Абай атындағы бастауыш сынып мұғалімі
Бекболатова Дана Каиролдановна

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есеп. Кем.*+3,*- 3
Сабақтың мақсаты: Ондықтан аттамай 3 - ті қосу және азайту тәсілдері туралы алған білімдерін азайтудың кестелік жағдайларын әр алуан іс - әрекет барысында қолдануға машықтандыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекіліктік түсіндірмелі, сұрақ - жауап, т. б.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Психологиялық ахуал:
«Сиқырлы қалам» Мақсаты: Зейінді тұрақтандыру
Оқушылар алдындағы қағазға мұғалімнің айтқан тапсырмасын сызып орындайды. (Жоғары, төмен, шеңбер, үшбұрыш, оңға, солға)

2. Логикалық диктант.
- Балалар, сабақты бастамас бұрын, логикалық диктант өткізейік. Алдарыңдағы жатқан сандардан тек жауаптарды көрсетіп көтересіңдер.

Балалар, бүгін біздің сабағымыз «Болашақ мектепке саяхат»деп аталады. Біз бүгін керемет - керемет жерлерге саяхат жасаймыз. Саяхатымызда біздерге арналған әр түрлі тапсырмалар болады. Егер сол тапсырманы дұрыс орындасақ, сабақ соңында сендерге арналған керемет тосын сый тосып тұр. Тапсырмаларды орындап, саяхат жасауға дайынсыңдар ма?
- Иә.
Балалар, өзіміз тұрып жатқан қаламыз қалай аталады?
- Сарқан
- Дұрыс.
- Болашақта Сарқан қаласы қандай қала болатынын көргілерің келе ме?
- Иә
1.
«Кім жылдам?» деген ойын арқылы тақтадағы теңдіктердің жауаптарын тізбектеп тезірек айтайық.
- Өте жақсы. Кәнеки, бір - біріміздің білімімізді қолымызды шапалақтап бағалап жіберейікші.
**** - Мінеки, біздің болашақ Сарқан қаласының келбеті.
- Балалар, Сарқан қаласында көптеген мектептер бар екен.
- Мектеп оқушыларға не береді?
- Білім береді.
- Мектепте қандай оқушылар оқиды?
- Білімді, тәртіпті
- Жақсы. Сарқан қаласында болашақта ең үлкен, ең әдемі, Абай атындағы мектеп - гимназиясы салынады. Сол мектепті көргілерің келе ме? Ол қаланың мына жерінде орналасқан.

- Ендеше, мектепті жақыннан көргілерің келсе тапсырма орындайық.

1. *3 санының кестесі
- 3 санына байланысты ертегіні тыңдаңдар.
3 санына байланысты ертегіні оқып, 3 санының қосу және азайту кестесін ауызша барлығынан сұрап шығу
- Тамаша! деп «Саусақпен» бағалап жіберейікші.
Міне Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп - гимназия.

- Мектептің ішін көргілерің келе ме?
Мектептің ішін көру үшін барлығымыз тапсырма орындауымыз керек.
- Орындаймыз ба?
Балалар сендерге артық десем қандай таңба көздеріңе елестейді, кем десем ше?
- Жақсы.
- Бізге берілген тапсырма
1. «Дәлелде», «Түсіндір», «Көз жеткіз».
- Балалар, қазір өздерің менімен бірге бүгінгі өтетін жаңа сабақты талдап, түсіндіріп, дәлелдеп көрейік. Ал кәнеки тыңдаңдар!
2. Терезе алдына 3 гүл бар. Ал қабырғада ілініп тұрған гүлдер терезе алдындағы гүлдерге қарағанда артық. Қабырғада неше гүл ілініп тұруы мүмкін?
3. Оқушылар интербелсенді тақтадағы суретті көріп, түсінгендерін мысал ретінде дәлелдейді.
4. Тақырыпқа байланысты тағы бір мысалды талдайды.
Тапсырманы жақсы орындағандықтан мектептің ішін көруімізге болады.

Тапсырманы өте жақсы талдадық. Ендеше мектептің ішіне көз жіберіңдер. Мектептің ішіндегі бастауыш сынып оқушылары оқитын кабинетті көрейік.

1. Ол үшін барлығымыз «Жұбыңды тап»ойынын ойнайық.
Балаларды үш топқа бөліп үш бұрышқа барады да, әрқайсысы өздерінің жұбын тауып қатарға тұру керек. Қолдарында сандар жазылған қағаз болады. Сол қағаздарда сандар жазылған. Қолдарындағы сандарды айтады.

Енді дәптермен жұмыс жүргізейік.
2. Дәптермен жұмыс.
Дәптерді ашамыз,
Тап - таза етіп жазайық.
Оқушылар дәптерге алты саны мен берілген фигураны салады.
Бастауыш сынып кабинетін көрсету. Қысқаша түсінік беру

- Балалар, мектепте ең көп кітаптар бар жер қалай аталады?
- Кітапхана.
- Кітапханада оқушылар не істейді?
- Ендеше Абай атындағы мектеп - гимназияның кітапханасына кіру үшін оқулықпен жұмыс жасаймыз.

1. Оқулықпен жұмыс 105 бет №2 оқып талдап, шартын талдап
Ж. сөреде - 5кітап
Т. сөреде -?, 3кітап артық
Шешуі: 5+3=8
Жауабы: 8 кітап
(Оқушылар дәптерін ашып жазады.)

2. №4 тақтаға шығарады. Тақтамен жұмыс
6+3=9 7+3=10
3+6=9 3+7=10
9 - 6=3 10 - 7=3
9 - 3=6 10 - 3=7
3. Ауызша есептің жауабын атау. Өздері оқып жауабын айтады. 16 бет №5
Кітапхана суретін көрсету

Сергіту сәті
Енді барлығымыз сергіп, билеп алайық.
Келесі баратын жеріміз мектеп асханасы. Ол үшін жұппен жұмыс жасаймыз.

1. Жұппен жұмыс
Оқушыларға қағазға жазылған тапсырма беріледі. Жұбымен талдап, айырмаларды салыстырады. тапсырмаларды үш қатарға бөліп беремін.
Болған соң интербелсенді тақтамен тексеру.
Мектеп асханасын көрсету.
Бүгінгі сабақта саяхатқа барамыз деген жерлердің барлығына бардық.
Берілген тапсырмалардың барлығын өте жақсы орындадыңдар. Енді сабақты қорытындылайық.
Қорытынды.
- Біз бүгін қандай математикалық терминмен таныстық.
- Артық.
- Қандай тапсырмалар орындадық?
- Есеп шығардық, сандар құрамын қайталадық, айырмаларды салыстырдық, теңдік құрдық.
- Өте жақсы балалар. Болашақта осындай жарықта, зәулім мектепте оқу үшін қандай бала боламыз?
- Білімді, тәртіпті.

Сабағымыздың басында мен сендерге арналған тосын сый болады дегенмін. Бүгінгі сабаққа өте жақсы жұмыс жасағандарың үшін сендерге сыйлық ретінде тәтті беріп жіберіпті.
Бағалау. (смайлк арқылы бүгінгі сабаққа бағалау жасайды)
Үйге тапсырма беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама