Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бесінші континенттің қазынасы
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы,
Қалалық классикалық гимназия
география пәнінің мұғалімі
Кусаинова Айжан Куанышбайқызы

(География, 7 сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Бесінші континенттің қазынасы»

Сабақтың мақсаты:
1. Аустралия материгінің географиялық орнына сипаттама бере отырып, материктегі ерекшеліктерді анықтау. Аустралияның табиғаты, зерттелу тарихы жайында оқушылардың білімдерін қалыптастыру
2. Атласпен, картамен жұмыс істеу, ойлау, сөйлеу қабілеттерін, шапшандықты, оқушылардың ой ұшқырлықтарын дамыту.
3. Жалпы өзін, қоршаған ортаны, сынып құрамын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, әңгіме, ойын элементтері, СТО стратегиясыеың элементтері
Сабақтың оқу - жабдығы: Аустралияның физикалық картасы, дүниежүзінің физикалық картасы, атлас, кескін карта
Сабақтың дидактикалық кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Сөзжұмбақ
1) МАДАГАСКАР
2) САМУМ
3) СОМАЛИ
4) ТУТСИ
5) ВИКТОРИЯ
6) ЧАД
7) АТЛАС
8) НАМИБ
9) ЛИБИЯ
1. Африка жағалауындағы ірі арал
2. Африкадағы құмды жел
3. Африкадағы түбек
4. Африкадағы бойлары ұзын адамдар
5. Африканың ең ірі көлі
6. Африканың ең таяз көлі
7. Африканың солтүстігіндегі тау
8. Африкадағы жағалық шөл
9. Африканың солтүстікте орналасқан мемлекеті

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру

Оқушылар, бүгін сабақта біз сендермен ерекше материкпен танысамыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бесінші континенттің қазынасы» деп аталады.
Аустралия материгі Жер шарындағы ең кішкентай материк. Оның ауданы – 7, 6 млн км2. Ауданның кішілігіне қарап оны кейде «материк - арал» деп атайды. Шындығында да, Аустралия Еуразия материгінен 7 еседей кіші.
Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда + 280 жетсе, қыста + 200С - тан төмен түспейді.
Аустралия материгі түгелдей оңтүстік жарты шарда орналасқан. Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «белгісіз оңтүстік жер» «терра аустралис инкогнита» деген мағына береді. 17 ғасырға дейін Аустралия материгі көпшілікке белгісіз болды. Реті бойынша Аустралия 5 ашылған материк. Сондықтан оны «Бесінші континент» деп те атайды.
Зерттелу тарихына келетін болсақ 1642 - 1643 ж голландық Абель Тасман материктің солтүстік - батыс бөлігін айналып, Тасмания аралын ашады.
1770 ж ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук материктің шығыс жағалауына келеді. Осыдан бастап Аустралияны жаппай жаулап алу басталады.
Аустралия оңтүстік жарты шарда басқа материктерден оқшау орналасқан. Сондықтан да басқа еш жерде кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлар мекендейді, немесе оларды эндемиктер деп атайды. Аустралия өсімдіктерінің – 75%, жануарлардың - 90% эндемиктер. Кенгуру, эму түйеқұсы, ехидна және т. б.
Аустралиялықтар бұл өсімдіктер мен жануарларды қорғап, мақтан тұтады. Оны Аустралияның елтаңбасынан көруге болады. Елтаңбада кенгуру мен эму түйеқұсы бейнеленген.
Аустралияның жер бедері күрделі емес. Көп жерді жазық алып жатыр. Жер беті 95%- ның биіктігі 600 м - ден аспайды. Материктің шығысын бойлай орналасқан Үлкен Суайрық жотасы – орташа биіктіктегі тау. Оның ең биік нүктесі – Косцюшко тауы, 2228 м. Аустралия Альпісі – Аустралиядағы Үлкен Суайрық жотаның оңтүстік шығысындағы биік таулы қырат. Ұзындығы 400 км, ені 150 км, биіктігі 1700 - 2000м.
Аустралия Жер шарындағы ең құрғақ материк. Оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.
Материк жағалауында ұзындығы 2300 км, ені 2 км - ден 150 км - ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл Рифі орналасқан.
Аустралия материгінің жерін бір ғана ел Аустралия Одағы алып жатыр. Аустралияның байырғы халқы – аборигендер. Қазіргі кезде халықтың 1 %- ын ғана құрайды. Аборигендер аң аулап, жеуге жарамды жабайы өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Олардың ойлап тапқан аңшылық қаруы бумеранг ағаштан әдейі иіліп жасалған таяқ түрінде болады. Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді, ал егер тимей қалса, аңшының қолына қайтып келеді.
Қазіргі кезде Аустралияның халқы - 18 млн астам. Халқы ең аз қоныстанған материк. Аустралия Одағы – шаруашылығ жоғары дамыған ел.
Аустралия материгімен тереңірек танысу үшін біз сендермен шағын саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз Білім тауы деп аталады. Кім барлық тапсырмаларды дұрыс орындайды, сол Білім тауына шығады.

Бекіту:
1. «Десанттық көмек» деп аталады. Бұл тапсырмада сендер Аустралияның шеткі нүктелерін, координаталарын табасыңдар. Картадан көрсету.
С –
О –
Б –
Ш -

2. «Салыстыру
3. «Семантикалық карта»

Атаулар ----------- арал ------- түбек ----- теңіз ---- шығанақ -------- бұғаз
Арафур
Коралл
Тимор
Арнемленд
Кейп - Йорк
Тасмания
Бассов
Торрес
Карпентария
Үлкен Аустралия

4. «Сынақ түбегі»
Аустралияның батыстан - шығысқа, солтүстіктен – оңтүстікке дейін неше километрге созылып жатқанын анықтау.

5. Синквейн (5 жолды өлең)
1. Зат есім
2. Етістік
3. Сын есім
Мағыналы сөйлем
Ассоциация

6. «Қайсысы артық»
Коала, кенгуру, вапити
Косцюшко, Аустралия Альпісі, Килиманджаро
Муррей, Дарлинг, Юкон
Бумеранг, аборигендер, үндістер
Кук, Тасман, Веспучи
Қорытынды:

Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгінгі біздің сабағымыз неге «Бесінші континенттің қазынасы» деп аталды?

Ал, енді төмендегі сөйлемдерді өздерің аяқтай отырып, бүгінгі біздің сабағымызға қорытынды жасаңдар.

Бүгінгі сабақта ең қызықты болғаны..............................
Маған ой салғаны.............................................................
Мен мынадай сезімде болдым........................................
Мені мазалағаны...............................................................
Бәрінен кереметі...............................................................

Үйге тапсырма:
Тақырыпты оқу, мазмұндау. Кескін картаға Аустралияның шеткі нүктелерін, жағалауындағы ірі түбектер, аралдар, шығанақтар мен бұғаздарды белгіле.
Оқушыларды бағалау

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама