9 мамыр жеңіс күніне арналған. Балалары соғыстың
Астана қ. Қазтұтынуодағының
Сауда - экономикалық колледжінің тарих, қоғамдық пәндер оқытушысы
Құндызбекова С. М.
... Адалдыққа болыстың,
Құлатпадың туын туған қоныстың,
Сен ұқтырдың не екенiн борыштың,
Жандарыңда жарасы бар сол істің,
Тағзым етем алдарыңда сендердiң,
БАЛАЛАРЫ СОҒЫСТЫҢ!
Жайсаң жігер, жанымды жетеледiң,
Оттан шыққан отаншыл от - өренiм.
БАЛАЛАРЫ СОҒЫСТЫҢ, басымды иiп,
Мәртебеңдi мәңгiлiк көтеремiн.
(Өтеген Оралбайұлы)
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «БАЛАЛАРЫ СОҒЫСТЫҢ...»
/«Жас тарихшы» үйірмесіндегі қосымша сабақ/
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі халықтың ауыр тағдырын, ерліктерін айта отырып, халықтың басына қиын іс түскенде балалар өмірі мен тағдыры жайында әңгімелесу, отаншылдық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс
Сабақтың әдісі: топтық, жеке
Пайдаланылған әдебиеттер: Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» оқулығы, жазушылардың әңгімелері, ғаламтор материалдары, тесттер, фильмдер т. б.
Сабақтың барысы:
1. Мұғалімнің сөзі
2. Тест жұмысы
3. Қазақстандықтардың ерлігі/слайдтармен жұмыс/
4. Мұғалімнің сөзі
5. «Соғыс және балалық» тақырыбындағы эсселерден үзінділер оқу
6. Қорытынды
7. Бағалау /тест қорытындысы мен эссе жұмыстарын, слайдтар бойынша/
8. Үй тапсырмасы: Тест жұмыстары файлдарға жинақтау.
1. Мұғалімнің сөзі: Сабақтың алдында ойды жинақтау үшін тест жұмыстарын орындаймыз. Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы тесттер ноутбукте орналасқан жауап берсеңіздер.,
2. Тест жұмысы:
1. Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаров қай жердегі шайқаста қаза тапты?
А) Берлинді алуда; Ә) Мәскеу үшін шайқаста; Б) Ленинград қоршауында; В) Жау тылында
2. Соғыс жылдарында әр га - дан 260 пұттан күріш жинаған атақты күрішшінің есімін атаңдар:
А) Ш. Берсиев, Ә) Ы. Жақаев; Б) З. Тамшыбаева; В) Ы. Нұров;
3. 1943ж. әр га - дан 201 ц тары алып, дүниежүзілік рекорд жасаған кім?
А) Ш. Берсиев, Ә) Ким Ман Сам; Б) Ы. Жақаев; В) Ы. Нұров
4. Қазақстанға қай майдан жақын болды?
А) Мәскеу; Ә) Ленинград; Б) Сталинград; В) Курск
5. Сталинград үшін шайқаста өшпес ерлік жасап, қаза тапқан минометші қазақ жігіті кім?
А) С. Баймағамбетов; Ә) Т. Тоқтаров; Б) Қ. Аманжолов; В) Қ. Сыпатаев

Слайд 1
Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316 - атқыштар дивизиясы генерал - майор И. В. Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В. Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8 - ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И. В. Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б. Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник лауазымымен, 9 - шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А. Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б. Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б. Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. И. В. Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М. Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М. Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т. Тоқтаров, Р. Жанғозин, Р. Елебаев және т. б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238 - ші дивизия, 19 - шы атқыштар бригадасы да қатысты. /тарихи танымдық электрондық журнал/
Слайд 2
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская - Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н. Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н. Әбдіров, минометші К. Сыпатаев пен Р. Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне “Казахстанская” аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдын басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан - жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. “Цитадель” операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: “Рейх”, “Ұлы Германия”, “Фикинг”, “Адольф Гитлер” және т. б., барлық танктердің 70%, барлық ұшақтардың 65% тартылды. 5 - ші шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақтандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. тарихи танымдық электрондық журнал/
Слайд 3
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5 - ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С. А. Батеньков пен П. Ф. Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т. Я. Бигелдинов, И. Павлов, С. Д. Луганский және Л. И. Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26 - шы маусымында, соғыстың бесінші күні - ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды. Берлин операциясына қазақстандық 118 - ші, 313 - ші атқыштар дивизиялары және 209 - ші атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118 - ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К. Маденов, ал көше шайқастарында И. Б. Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р. Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді./тарихи танымдық электрондық журнал/
4. Мұғалімнің сөзі: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «…Біз – жеңімпаз әкелердің балаларымыз» деп көрсетеді. Соғыс балалары балалығы жоқ, ерте есейген, әкесін майданнан күтумен, ауыр еңбек атқарған, бала боп ойнамаған, өзі сұранып майданға кеткен, бала болса да жаумен күрескен жасөспірімге, жігітке, қызға қанша рет тағзым жасаса да артық блмас еді. Олай болса біз бүгінгі сабағымызда әкелер ерліктеріне тоқталып, осы ауыр соғыстың сабақтарын зерделесек, еске түсірсек, өз шығармашылықтарыңыздан дайындаған эсселерден үзінділер тыңдасақ.
Асылбек Еңсеповтің Балалық шақ» күйі ойналады. Үміт ЖӘЛЕКЕ - нің «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс...» мақаласынан үзінді келтірсем: «Ел басына күн туды. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішті. Бейбіт күннің бұқарасы белін буып сапқа тұрды. Он сегізге енді толған өрімдей жас пен елуге жеткен егде еркек қолына қару алып, Отанды қорғау үшін майданға аттанды. Бой түзеп қыз дәуренін қызықтайтын бойжеткендер беліне қару асынып, ер - азамат басын тіге бермейтін батырлық көрсеткені қаншама? Шығыстың қос шынары – Әлия мен Мәншүк, қазақтың қыран қызы Хиуаз Доспановалар ерлігі елге белгілі. Соғыс сан миллион адамның өмірін қиды. Одан да көп баланы – жетім, әйелді – жесір атандырды. Адам қолымен тұрғызылған әсем қалаларды тау - тау үйіндіге айналдырды. Ел ішіне аштық орнатты. Сан мыңдаған жауынгер тұтқынға түсіп, адам баласының басына келмеген зұлымдықтардың неше түрін, азап пен аюандықтың неше атасын көрді. Адамшылық пен аяушылық аяқ астына тапталды. Тағдырлар ойран болды. Шаңырақтар құлады. Тұтас ауыл күлге айналып, бүтін қаланың қабырғасы күйреді. Сап - сау солдат жау оғынан жайрап, госпиталь төсегіне таңылды. «Дала поштасынан» тұмарша хаттар туған жерге құстай ұшты. Ердің орнын есі кірмеген бала мен еңкейген кәрі басты. Бұғанасы бекімеген бала ересек атанды. Бесік тербетіп, бала жұбатып отыратын келіншек қолына кетпен, күрек ұстап, егін егіп, дән суырды, құрық алып, мал бақты. Арық қазды, шөп шапты. Жұмыстан қолдары қалт еткенде майдандағы жауынгерлерге жылы киім тігіп, шұлық тоқып, байпақ басты. Жасөспірім балалардың өзі сабақ арасында солдаттың бір күндік тамағын табуға қарекет жасап, балық аулады, шаруаға араласты. Тылдағылар «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен ұйқысыз түндерді бастан өткізді. Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1200000 - ға жуық (1196164) қазақстандық аттанды. Түн ұйқысын төрт бөліп, жаннан түңіліп жаумен айқасты. Қасық қаны қалғанша, соңғы демі үзілгенше жанқиярлықпен туған жерін қорғады. «Отан үшін» деп ұрандап, қидаласқан шайқасқа кірді. Жан алып, жан беріскен ұрыстың қақ ортасында «Біздің ісіміз әділ, біз жеңеміз!» деген сеніммен майдандасты. Дұшпан оғы қарша борады. Жүрек жұтқан ерлер кеудесін қалқан қылды.»
5. Эсселерден үзінділер оқу
Студент: Соғыс кезiндегi балалар… Соғыс балалары… Басына түскен аса ауыр жағдайдан ерте есейген, буыны бекiп, бұғанасы қатпай еңбекке араласқан, жетiмдiктің жырын жаралы жүрегiнде жылдар бойы сақтаған, жанары жасқа толып, батысқа телмiрiп, әкесiн күтуден талмаған, сәби қолдарымен салтанаты ортақ Жеңiстiң туын көтеруге қолтаңба салған, ерлiк пен өрлiктiң үздiк үлгiсiн көрсеткен, ерте есейген, БАЛАЛЫҚ, бұл саған тағзым.
Студент: “Әке, есіңізде ме? Майданға кетерде менің маңдайымнан сүйіп тұрып:
“Мә, құлыным, жоғалтпа, - деп бір тал шашыңды жұлып беріп едің ғой.- Жоғалтпа, тығып қой. Мені сағынғанда осы шашты тұтатқайсың. Сонда мен ЕрТөстіктің Шалқұйрық аты құсап жетіп келемін,- деп едің ғой, әке. Мен сенің аманатыңды ұзақ сақтай алмадым. Қырық үшінші жыдың қысында өзіңді қатты сағынып, үй сыртынағы төбеге барып шақпақ тұтаттым. Бір тал шашың лып етіп жанып кетті, бірақ сен уәдеңде тұрмадың, көп күттім, алыста ғой, жете алмай жүрген шығар деп ойладым. Бірақ сен келмедің... Сөйтіп сенің өзіңнен де, көзіңнен де айрылдым, әке. Ендігі көңілге медет етіп келе жатқаным майданнан жазған хаттарың ғана, иә, хаттарың”.“Бір атаның балалары” повесі /Мағауин М/
Студент: Соғыс жылғы балалар тылда тыным алған жоқ. Олар байтақ елімізбен білек сыбанған қалың жұртпен бірге Жеңісті сағат сайын жақындата түсті.
Майданнан елге оралған Жеңіс жауынгерлерінің мойнына асылып, алапат соғыста гимнастеркаға сіңген оқ - дәрі мен түтін иісін алғаш жаттаған да сол балалар болатын.
Соғыс жылғы балалар! Сол Жеңіс көктемінің таңында ауыл - аукылда, қала - қыстақтарда “Сүйінші! Біз жеңдік! Жеңіс жетті бізге!” деп жар сала жүгірген де балалар болатын.
Уақыттың есте қалар белгісі – ол тарих. Уақыт өктемдігі жүрмейтін жағдайлар болады. Ұлы Отан соғысы – солардың бірі. Біз бейбіт өмір сүру кезеңінде дүниеге келдік, ешқашан әуе дабылын, бомба жарылысыннан қираған үйлерді көрген жоқпыз, суық траншеялар мен окоптарда отырмадық. Ел басына күн туған ауыр кезеңдерде майдандағыларға арнап мектеп оқушылары мыңдаған дана киім, сәлемдеме жіберіпті. 1941 - 1945 жылдары Қазақстанның 50 шақты мектептері мен балалар үйлерінің ұжымдары Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінен майданға берген көмектері үшін алғыс алған.
Студент: « Бәрібір соғысқа мен бармай болмайды. Баруым керек. Барайыншы... Сосын олар көреді менен көресіні... Мен оларды жеңбей қайтпас едім. Сөз жоқ ауылға оларды жеңіп барып келемін. Қорықпаймын олардан. Қанымды тамшылатып жүріп соғысамын олармен.
- Сөз жоқ, мен оларды жеңіп барып ауылға келемін. Сонда сендер қайтесіңдер, әрине, сендер менің соғыстан жеңіспен қайтып келе жатқанымды естіп үйде отыра бермейсіңдер. Арбаға мініп алдымнан шығасыңдар. Бәрімізге шұрқырасып Табақтыға кездесеміз? Сонда қайтер екенбіз... Қарқылдасып күлеміз - ау, ә... Жоқ. Бәріміз де ағыл тегіл боп жылайтын шығармыз.. Жылаймыз ғой, ә? Қайран Саян. Осы Саянның сөздерінен үлкендерге тән ызғар, жауға деген өшпес өшпенділігі сезіліп - ақ тұрған жоқ па? /Нұрмағамбетов Т. Он төрт жасар жігіт/
Студент: Соғыс жылғы балалар... Олар әкелерін майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын өз қолына алды. Ертеден кешке дейін, қараңғы түн құшағында егін орды, жер жыртты, станокта тұрып оқ жонды, бомба жасады, жауынгерлер үшін жылы киім жинастырды.
Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бірімізден бір - бір батыр жасапты...
Кейінгі ұрпақ, саған салған өткелдің,
Сағасында өткен жастық, өткен күн.
Қаршадайдан қара шаруа атанған,
Сен әкеңді батыр емес деп көргін. /«Қырқыншы жылдар» М. Мақатаев/
Студент: Бала дәурен өтті ғой құйындаған,
Балы менен шекері бұйырмаған.
Өзін - өзі он жастар қорғамаса
Өзгелерді қорғауы қиын, балам!
Қырқыншы жылдардағы балалар... Олар да мектепте оқитын. Қазіргі балалар сияқты асыр салып асық ойнап, ертеңгі күнге үлкен сеніммен қарайтын. Бірақ, сұм соғыс сол жылдардағы балаларды ерте есейтті. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түнді, яғни 4 жыл салды. Ерте есейген балғын балалар осынау отты кешулерде Жеңісті жақындатуға балалар да аямай ат салысты. Гвардияшылар сапында полк балалары, партизан балалары, тыл балалары.
Студент:. «Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің де түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінем, неге десең мектепте әлде де болса бірқатар уақыт оқуға қалдырса да, өзім сұранып аттандым. Өміріме өкінішім жоқ. Бірақ жүректі билеген бір қалтқы ой бар: жоқ, ол - өзім туралы емес - сенімен, сәбилермен, жеңешеммен, жалпы туыстарыммен кездесе алмағаным...... Қазір алдыңғы шепте тұрмыз. Хатты терең окопта отырып жазудамыз. Айнала ну ағаш. Немістермен бетпе - бет кездесіп тұрамыз. Менің басымда каска, белімде граната, ал қолымда винтовка бар... Иә, бұл ержүрек Әлияның туыстарына жазған хаты еді.
Студент: «Мен о баста дәрігер болуға талпындым. Бірақ ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Ал штабта қағаз жазып отырғанда не бітіремін. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, өздері де қыршын кетіп жатқанда менің жаным солардан артық па еді! Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас сауғалауға арым бармайды… Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын. Мен өзімді - өзім мүлде өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым да келеді. Өзім басқаратын пулемет расчетында жақсы да, нашарлау да адамдар бар. Олардың бәріне бірдей мен жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап, мақтап, нашарларын жөнге салсам - командирлік міндеттің орындалғаны ғой деп ойлаймын». Бұл қазақ халқының қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың майданның алдыңғы шебінен тілшілерге берген алғашқы сұхбаты еді.
Студент: Ырзамыз барлық ісіңе,
Періште... қара көздерім.
От пенен судың ішінен
Бізді алып шыққан өздерің.
Қызықтың бәрін құрбан ғып,
Біз үшін күйіп - жандыңдар.
Бізді ойлап жүріп, жылдардың
Өткенін білмей қалдыңдар.
/С. Жиенбаев “Қазақ әйелдері”/
Студент: Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған зенит зеңбірегі расчетінің командирі Әкима Ақжолаева есіне алады.
... Майданға жету, қалайда жаумен бетпе - бет келіп, кек алу – біздің бар ой - арманымыз осы болатын. Әлі күнге жүрегімнің түкпірінде сақтап келген бір сырым бар. Ешкімге айтқан емеспін. Есіл - дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін Хабаровск маңындағы самолет механиктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермеді. Ауылға аз күнге демалысқа келіп, енді қайтар жолда бір қулық істегім келді. Құжаты жоқ адамды майданға алдыңғы шепке бірден жібереді дегенді естіп жүретінмін. Новосібір қаласына жақындағанда құжаттарымды құрттым да, қалаға келген соң, әскери комендатураға барып, құжаттарымның жоқ екенін айтып, енді майданға жіберулерін сұрадым. Сол бойымен Ленинград қаласынан бір - ақ шықтым. Өтірік айтып, біреулерді алдағанымды осы кезге дейін бір адамға айтуға ұялам. Бірақ бәрі сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді…
Студент: «Бiр кезде аяғын сүйрете басып бала да келдi. Өзi көңiлдi - ақ. Бiзге қарап күлiп қояды. Сөйтсек, ол екi винтовканы екi аяғына кендiрмен байлап алып, сүйретiп келген екен. Бiз баланың тапқырлығына қайран қалдық.
– Партизан отрядына менi де алыңдар, ағатайлар! – дедi бала, тағы да жалынып.
– Мақұл! – дедiм мен. – Тек үш күннен кейiн түн iшiнде Луковица хуторының маңындағы тоғайға кел. Ең сенiмдi достарыңды ертуiңе болады.
... Үш күннен кейiн Илько бiздiң отрядқа келiп қосылды. Ол өзiмен бiрге жолдасы Михайло мен мұғалiм Михаил Тимофеевичтi ерте келдi. Ильконың әкесiн фашистер асып өлтiрiптi. Шешесi де жау қолынан мерт болған. Бiзге қарай аттанатын түнi Илько өздерiнiң үйлерiне орналасқан немiс комендатурасын гранатамен күлiн көкке ұшырыпты. Мәз - мәйрам мас болып жат - қан фашистер түгел қырылған көрiнедi.
– Бiздiң ешқайсымыз гранатаны лақтырып жарудың жолын бiлмейдi екенбiз, – дедi Михаил Тимофеевич күлiп. – Содан соң балалар үйдiң төбесiне шығып, гранатаны сабанға орап, от қойды. Селодан шыға бере бiз тарсыл - гүрсiлдi естiдiк. Ильконың үйi жанып жатты.
– Әке - шешемнiң маңдай терiн төгiп тұрғызған үйiн фашистердiң жын ойнағына қайтiп қалдырам? – дедi бiзге Илько»./Қ. Қайсенов Ержүрек Илько/
Студент: - Ал, мына өлеңді ағасы өліп бара жатып қоштасу ретінде анасына жолдаған екен. Анасы өмір бойы осыны айтып күңіренумен өмірден өткен:
Айбарлы туың, ақ балаң
Алысқа кетті дегейсің,
Ажалменен айқасқан,
Шабыста кетті дегейсің.
Он фашисті бір өзі
Қанға малды дегейсің.
Қайырылуға тынысы
Жетпей қалды дегейсің.
Ана сенің атыңды,
Ақтап өлді дегейсің,
Жүрегінде имандай
Сақтап өлді дегейсің!/рефераттардан алынды/ Осы материалдарды оқыған сайын олардың ерліктері мәңгі жүрегімізде қалады.
6. Қорытынды: Соғыс киносынан үзінді
7. Бағалау. /тест қорытындысы мен эссе жұмыстарын, слайдтар бойынша/

Толық нұсқасын жүктеу