Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Әдептілік - әдемілік
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы
«Балауса» балабақшасы тәрбиешісі
Укиметова Аксункар

Білім беру саласы: « Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту». «Көркем әдебиет».
Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік»
Мақсаты: Балаларды әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Үлкенді сыйлауға, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: теледидар, суреттер, автобус бейнесі, бағдаршам.
Кейіпкерлер: Әже, балалар. пошташы.
Әдіс - тәсілі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, көрініс, дидактикалық ойын.
Билингвистикалық компонент:
Сөздік жұмыс: әдептілік

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері.
Кім кездессе көшеде
Таныс емес, демейміз
Ата, аға, көкеге де,
Сәлеметсіз бе! дейміз.
- Балалар бүгін біз әдептілік, сыйластық туралы әңгімелесеміз.
«Әдептілік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс балалар, әдептілік таңғы сәлемдесуден басталады. Қане қонақтармен сәлемдесейік.
- Таңғы жаттығудан, таңғы астан басталады. Мен сендерге бір мультфильм көрсетемін, сендер мұқият тыңдап, әдептілік деген не екенін үйреніңдер.
«Әли мен Айя» деген балалар туралы, оларға атасы мен әжесі әдепті бала болуды үйретеді.
Сендерге ұнады ма, мультфильм?

- Атасы әдептілік неден басталады деді?
- Оянған сәтте не айтамыз бір - бірімізге?
- Тұрған соң не жасау керек?
- Бой жазып болған соң не істейміз?
- Тазалық, әдептілікке жатады балалар.
- Дастархан басында қандай әдептілікті сақтау керек деді атасы.
- Ал мәдениетті деген не?
Балалар біз әдепті, мәдениетті болу үшін үлкендердің ақылын тыңдаумыз керек. Үлкендерді құрметтеу, айтқан тілін алу, кішілерге қамқорлық жасай білуіміз керек.
Топқа пошташы кіреді, сәлемдеседі.
- Қандай ақылды балалар!
Мен сендерге сиқырлы қорапша әкелдім, беруге рұқсат етіңдер.
- Кімнен келді еке?.
- Балалар қорапша ашылмайды екен, ашу үшін әдепті сөздер айту керек деп жазылыпты.
- Қандай әдепті сөздер білесіңдер?
- Керемет, сиқырлы қорапша ашылды. Ішінен суреттерді алып хатын оқиды. Менің немерем жақсы мен жаманды ажырата алмайды, балалар үйретсе екен дейді, суретке қарап.
Дидактикалық ойын: «Жақсы, жаман»
Мақсаты: ойлау қабілетін жетілдіру.
Шарты: суреттерді әңгімелеп жаман істі жақсы істен ажыратады.

Сергіту сәті.
Таңертең тұрамын, бетімді жуамын.
Тісімді тазалап, киімімді киемін.
Балабақшаға келемін, мен әдепті боламын.

- Балалар сендер әдептілік туралы тақпақ білесіңдер ме?
Көрініс: «Автобустағы сәт»
- Көліктің ішінде кімдерге орын беру керек?
- Балалар дұрыс жасады ма, тәртіп сақтады ма?
Көрініс: «Жолдағы әже»
- Әжеге қандай көмек көрсеттіңдер?

Дидактикалық ойын: «Не істеу керек»
Мақсаты: есте сақтау, ойлау
Шарты: сөзді жалғастыру
- Үлкен кісінің тілін ---------
- Кішілерге қамқор ----------
- Тәртіпті бала ---------------
- Тазалықты ------------------
Дидактикалық ойын: «Болады, болмайды».
- Мақтаншақ болуға -------------
- Өтірік айтуға -------------------
- Әдемі болуға --------------------
- Кір – қожалақ болуға --------------
- Жақсы болуға ------------------------
- Мәдениетті болуға -------------------
Мақал - мәтел:
Әдепті бала ата - анасын мақтатар
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
Әдепті бала – арлы бала.
Әдепсіз бала – сорлы бала.
Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

- Балалар бүгін не туралы әңгімелестік?
- Мәдениетті деген не?

- Кімдерді құрметтеуміз керек?
- Әдептілікті кімдер үйретеді?

- Тағыда Әли мен Айяға атасы қандай бала
болыңдар дейді?
- Әдептілік қай кезден басталады?

Балаларды мадақтау, бағалау
Қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Әдептілік деген не екенін, басы амандасудан басталатынын білу.
Игереді: Жақсы қасиеттерді, жаман мен жақсыны ажыратуды
Меңгереді. Адамгершілік сақтауды, әдептілікті.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама