Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Қазақ халқының қалыптасу тарихы. Қазақ хандығының калыптасуы мен нығаюы
Астана қаласы, Қазтұтынуодағы Сауда - экономикалық
колледжі тарих және әлеуметтік пәндерінің оқытушысы Құндызбекова С. М.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасу тарихы. Қазақ хандығының калыптасуы мен нығаюы.
Сабақтың мақсаттары
Білімдік: Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары, ХҮ - ХҮІІ ғасырларда оның дамуын, хандардың саяси бағыттарын, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып, тарихи кезеңді зерделеу;
Дамытушылық: Тарихи деректермен жұмыс жасай білу және меңгерген білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырып, оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру және оған өзіндік көзқарастарын білдіруге үйрету;
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын оқып білу арқылы белсенді, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Студенттердің өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өзара жұмыс,
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентациялар, бейнебаяндар, планшеттер, ноутбуктар

Сабақ жоспары:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Тірек сөздермен жұмыс
3. Сұрақтармен жұмыс
4. Мәтінмен жұмыс
5. Сөздік қоры
6. Бағалау
7. Рефлексия
8. Үй тапсырмасы

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сабақтың мақсаттары мен міндеттерін, жұмыс жасау тәртібімен түсіндіру.
Сабақ студенттердің өз күштерімен алдын ала берілген үй тапсырмасы бойынша Керей мен Жәнібек хандар ескерткішінің жанында түсірілген бейнебаянмен басталады. Аят, Нұржан, Өнербек, Қуат, Жақсылықтар қазақ халқының құрылуы, қазақ хандары туралы мәліметтерімен бөліседі.

2. Тірек сөздермен жұмыс:
ХАН
ТАРХАНДЫҚ СЫЙ ТАРТУ
ҚҰРЫЛТАЙ
ОРДА
АҚ ОРДА
ӘБІЛХАЙЫР ХАННЫҢ ЖЕҢІЛУІ/1457ж/
МОНҒОЛ ДӘУІРІ

3. Сұрақтармен жұмыс
1. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттарды атаңыз:
/Мәдениет, аумақ, елдік сана, тілі, атауы антропологиялық бет пішіні;/
2. Қазақ тілінінің қалыптасуының нәтижесі? /Тілдің шығу тегі/
3. Дербес мемлекет болу деген не? /этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналу/
4. Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы қай кезең? /ХҮ ғ екінші жартысы ХҮІғ басы/
5. Этностық бірлестіктің қалыптасатын үш түрін атаңыз / ру - тайпа, халық, ұлт/
6. «Мен қазақпын» өлеңінен үзінді оқыңыздар. Осыны этностық санамен байланыстырыңыз./адамның өзін - өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі/
7. «Қазақ» атауының шығу туралы пікірлер/ «қаз», «ақ», «қас», «сақ», «қазақ», «қазақ ұғлым»/
8. Афрасиаб патша Иран шахын қалай қорқытады?/ «Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын»/
9. Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар қандай сөздік жасатқан? /араб - қыпшақ сөздігі, « қазақ» сөзі «еркін, кезбе» деп аударады/
10. Халықтың қалыптасу кезеңі нешеге бөлінеді? /ХҮғ - Өзбекия, Әбілхайыр ұлысы - Алаш мыңы Одағы, ХҮІ ғ екінші онжылдығы - Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты/

4. Мәтінмен жұмыс жүргізу: Оқулық аторлары: Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, Е. Қалиева, Т. Далаева; Сабақтың материалдарына оқулық бетіне 3 минуттан беріледі. Мәтінді мұқият оқу керек. Соңынан сұрақтарға жауап береді. 20 Сұрақ беріледі:
1. Сыр бойындағы қалалар қандай роль атқарды?/ дәстүрлі экономикалық, саяси, рухани орталық/
2. Қазақ хандары қандай аумақты мекендеді?/ Сығанақ, Сауран, Түркістанның солтүстік жақ беті, Қаратаудың Созақ т. б. Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын/
3. ХҮғ соңы шайбанилықтар мен қазақ хандары арасында күрес қай аймақтар үшін болды?/Түркістан мен Қаратау өңірлері/
4. Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы шаралары/ ішкі тұрақтылық, мал басының өсуі, егіншілік табиғи өнім алмасу, саудаға жол ашу/
5. Мамаш хан қалай қайтыс болады?/ауыр сауытына тұншығып/
6. Есім хан қай жерде жерленген? /Түркістанда/
7. Жәңгір хан қазақ мемлекетін қалай сақтап қалды?/саясаткерлігі, қолбасшы - батырлығы/
8. Жоңғар Алатауында қонтайшы әскеріне қандай айла қолданды?/тар жылғаға ор қаздырады, бекіністе үш жүз жауынгер орналастырады т. б./
9. Әз - Тәуке заманы қалай аталды?/ «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кез»/
10. Ұрыс ханның ұрпақтарын атаңыз, олардың еңбектері неде деп ойлайсыңдар?/жалпы ұлттық мүддені жеке өмірден жоғары қойды/
11. ХҮІІғ. қай жерлерді иемденіп жатты?/Алтай таулары, Жайық өзені, Орал таулары, еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп білген/
12. Хан қалай сайланды?/сұлтандар мен билердің, т дінбасылар, беделді адамдардың жалпы ұлттық құрылтайында/
13. Сұлтандар билік жүргізді ме?/бір тайпа елді басқарды/
14. Жергілікті ру - тайпаны кім басқарды/ қызметі мен ақыл - парасатын ел мойындаған ақсақалдар/
15. Жоғары сот иелігі кімде болды?/хан/
16. Төменгі сот билігі кімде болды?/ билерде/
17. Орыс тарихшысы А. Левшин қазақ мемлекеттілігі туралы қандай мәліметті жазды?/ « Ол өзінің ақыл - парасатымен және әділдігімен бәрін де өзіне бағынуға мәжбүр етті.../
18. Төлеңгіттер деген кімдер?/халықтан алым - салық жинаушылар/
19. «Жеті Жарғы» бойынша салықтың көлемі/ сұлтандардан басқа қару асынатындар хан мен ел билеушілеріне жыл сайын мүлкінің 20 - дан бір бөлігін салық ретінде төлейді/
20. Жер иелену, жерге меншік түрлерін атаңыз/ икта, сойырғал, вакуф, милк/

Сергіту сәті
5. Сөздік қоры тексеріледі сабақта қанша сөзді жазып, түсіндіре алады. Қорытындысы шығарылады.

6. Бағалау ең белсенді студенттер бағаланады.

7. Рефлексия
8. Үйге тапсырма беру. №21 аудиторияда Қазақ хандарына презентация дайындау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама