Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастаны
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастаны
Сабақтың мақсаты: білімділік – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастанын оқу, талдау, идеясын ашу; дамытушылық - оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын, дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту; тәрбиелік - оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: «6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы, сұрақ - жауап, түсіндіру, талдап оқу, іздендіру, сатылай кешенді талдау, эссе.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан презентациялық слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, кино өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«6 НЕЛІКТЕН» стратегиясы
1. Неліктен Абай бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген?
2. Неліктен Абай ғылым, білімді уағыздаған өлеңдер жазды?
3. Неліктен Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі ең бір күрделі де көркем шығарма болып есептеледі?
4. Неліктен Абайдың өлең жолдары мақал - мәтел сияқты нақылға айналып кеткен?
5. Неліктен Абай «не істесең де, бәрін ақылмен істе» деген ұлағатты ой айтады?
6. Неліктен Абайды «қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы» деп бағалайды?
ІІІ. Жаңа сабақ
а) «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» – деп Абай айтқандай, Ескендір туралы оқушылардың не біліп, не білмейтінін анықтау (Ескендір туралы аңызды айтып беру, «Қос мүйізді Ескендір» күйін тыңдату, кинорежиссер Оливер Стоунның 2004 ж. кино түсіргенін, Ескендір рөлінде Джаред Летоның ойнағанын айту).
ә) «Ескендір» дастанын мәнерлеп оқу.
б) «СКТ» (сатылай кешенді талдау) технологиясы бойынша талдау жүргізу.
«Ескендір» дастаны
1. Авторы – Абай Құнанбаев
2. Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі – поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны – 42
6. Тармақ саны – 168
7. Буын саны – 3 бунақты
8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)
9. Шығарманың композициялық құрылысы:
9. 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
9. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
9. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
9. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
9. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
10. Шығарма кейіпкерлері
Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.
Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке - дара», «хакім адам» деп бағалайды.
Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
11. Әдеби теориялық ұғымдар
Теңеу – дарияның суындай қандар ақты;
таспадай бейне арықтан шыққан құлап.
Эпитет – сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.
12. Түсіндірме сөздік
Жеміт – қанағатсыз, тойымсыз, обыр
Араны ашылды – тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу
Даңғой – елірме, есер, желікбас
Долы – ыза кернеген, булықпа, ызақор
Ант ұру – айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз оңбаған
Кәпір – мұсылман дінінен басқа діндегілер, құдайсыз, дінсіз
13. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні
Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды болуға, қанағатшыл болуға үндеу.
IV. Сабақты бекіту
«Рухани биіктік – ең жоғарғы биіктік» тақырыбына эссе жазу.
V. Үйге: «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандарын оқу.
VI. Бағалау
Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы