Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 10 сағат бұрын)
Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды,деп жазады Инфохаб тілшісі.

Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Әбиба Әбужақынова күміс жүлдеге ие болды. 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз финалда италиялық Асунта Скуттоға есе жіберді.

Айта кетейік, бұл – Әбибаның әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 және 2024 жылдары қола медаль еншілеген болатын. Финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген жерлесіміз бұл жолы да жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медальді салған Әбиба Әбужақынованың бұл жетістігі – қазақстандық дзюдоның даму қарқынын айқын аңғартатын көрсеткіш.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама