Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 46 минут бұрын)
Әдемі Тұрсынбекқызы елге аман-есен оралды: Анасы мен әкесі қуанышын жасыра алмады

Бірнеше күн бойы шетелден елге қайтудың амалын іздеген Әдемі Тұрсынбекқызы Қазақстанға аман-есен жетті.

Бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде анасы Мөлдір Мұқан бөлісті. Оның айтуынша, қызын әуежайдан өзі күтіп алған.

«Бұл қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмай тұрмын. Адемогым аман-есен үйге жетті. Әлемде тыныштық болсын!», – деп жазды анасы.

Әдемінің елге оралғанын әкесі, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов та әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Жаным, аман-есен келуіңмен!», - деп жазды ол.

Бұл хабар желі қолданушылары арасында да жылы қабылданды. Көпшілік оның аман-есен туған жерге жеткеніне қуанып, пікірлерін жарыса жазды.

Желідегілер: “Бірден Тұрсынбектің сторизін қарап кеттіппін ғой. Қызын қарсы алуға шықты ма деп”, “Жаным, көзіме жас келді”, “Қазақстанда оқи беріңдерші мына заманда” деп жазды.

Жаңалықтар

Жарнама