
- 09 шіл. 2025 18:53
- 28
Адвокат Мейірман Шекеев өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді
Шерзат Полаттың отбасы мүддесін қорғап жүрген адвокат Мейірман Шекеев сот процесіне қатысуына кедергі келтіріліп жатқанын айтып, қоғамнан көмек сұрады.
Оның айтуынша, оған қарсы қысым апелляциялық сотқа қатыстырмау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шекеев судья Тулебаевты жеке ұйғарымда болмаған сөздерді ойдан қосып жазды деп айыптап, бұл әрекетті заңға қайшы деп бағалады.
Сонымен қатар қорғаушы айыпталушылардың бірінің туысы министрлікте қызмет ететінін атап өтіп, істегі әділетсіздікке ықпал етуі мүмкін деген күмән келтірді:
«Жел сол жақтан соғып тұрғандай», – деді ол.